Спорт • 29 Қыркүйек, 2022
Ларамен жұдырықтасу міндеттелді
Дүниежүзілік бокс ассоциациясы (WBA) орта салмақтағы WBA Super чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен дәл осы салмақ дәрежесіндегі WBA World белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Лараға (29-3-3, 17 КО) бір-бірімен жекпе-жек өткізуін міндеттеді.
Теннис • 29 Қыркүйек, 2022
Astana Open ATP 500: Бұл қай турнир?
Биыл 30 жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстан теннис федерациясы жыл басынан бері бірқатар толайым табысқа қол жеткізіп отыр. Атап айтар болсақ, Қазақстанның ерлер, әйелдер және жасөспірімдер құрамасы ел тарихында тұңғыш рет әлем чемпионаттарының финалдық кезеңіне жолдама алса, шілде айында әйелдер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да тарихи нәтижеге қол жеткізіп, «Үлкен дулыға» санатындағы «Уимблдон» турнирінде топ жарды. Енді, міне, ел астанасында бұрын-соңды болмаған халықаралық ATP 500 теннис турнирі өткелі тұр.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2022
Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту мәселесі күн тәртібінен түспеуге тиіс. Өйткені баланың дұрыс тамақтануы денсаулықтың кепілі болмақ. Алайда, өңірлердегі жағдай мәз емес. Мысалы, Алматы облысының бірқатар ауданындағы мектептерде баланың ыстық тамағы үшін бөлінген қаржы 500 теңге ғана екен.
Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2022
MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталары айналымға шығады
Қазақстан Ұлттық банкі MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Бұл монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2022
Қазан айынан бастап Семейде «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылады. Осылайша, Абай облысының орталығындағы жол қозғалысының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қадағалау жеңілдей түспекші.