Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2021
Ауыл шаруашылығына мән беріле бастады
Биыл Маңғыстауда орын алған қуаңшылық өңірде ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы саласына жете назар аударуды күн тәртібіне шығарды. Бұл бағытта Маңғыстау облысының әкімдігі малға қажетті құдық қазуға қосымша субсидия бөлу мүмкіндігін қарастыруда.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2021
Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстанның футзалшылары бүгін Португалия құрамасымен күш сынасады. Ширек финалда дүние жүзінің екі және қарт құрлықтың жеті дүркін чемпионы деген дардай атағы бар Испанияны жолынан ығыстырған айтулы команда жайында не білеміз?
Спорт • 30 Қыркүйек, 2021
Еліміздің грек-рим күресі шеберлері арасынан әлем чемпионы шықпағанына бақандай 22 жыл болды. Осы тақырыпқа орай күні кеше ғана «Егемен Қазақстанда» «Осло сапары оң болсын» («ЕҚ», №181, 24.09.21) деп аталатын көлемді мақала жарық көріп, бұл мәселе көпшілікке ой салды. Ал еркін күрестегі жағдай одан да нашар. Осы спорт түрін серік еткен балуандарымыз төрткүл дүниенің мықтылары бас қосқан дүбірлі додада тек күміс және қола медальді иеленумен ғана шектелуде. Кең байтақ Қазақстаннан Олимпия ойындары және әлем чемпионатында алтын алуға лайықты бірде-бір апайтөстің табылмағаны, әрине, көңілге кірбің ұялатады.
Технология • 30 Қыркүйек, 2021
Тұрғылықты тіркеу жасалғанда SMS жолданады
Цифрлы даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тұрғын үй иелеріне тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған тұрғындар туралы SMS-хабарламалар жолдайтын жаңа сервисті енгізді.
Технология • 30 Қыркүйек, 2021
Data Matrix-тің артықшылығы қандай?
Бір өнімді екіншісімен сәйкестендіру үшін арнайы код қажет. Ал оның барынша қауіпсіз және бизнес пен тұтынушылар үшін көптеген артықшылыққа ие болуы маңызды.