Қоғам • 26 Қыркүйек, 2019
Әлеуметтің әлеуеті – маңызды мәселе
Халықтың әлеуметтік мәселесіне назар аудару мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды. Әділін айтқанда, елімізде әр азаматтың тұрмыс-тіршілігі мен игілігі үшін тиісті бағдарламалар қабылданып, жұмыс жүйелі жүзеге асуда.
Саясат • 26 Қыркүйек, 2019
Саясат • 26 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ұлттық санамызды серпілтіп, елдікке бастайтын тарихи құжат болды. Қазақстанның даму стратегиясын тереңнен пайымдап, сарабдалдықпен жүзеге асырып келе жатқан Президенттің ел бірлігі, ұлағатты ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында кеңінен дәріптеу мәселесі, мемлекеттік тілге қатысты ұстанымы оның кемел ойлы кемеңгерлігін тағы бір қырынан танытты.
Президент • 26 Қыркүйек, 2019
БҰҰ Бас Ассамблеясы әлемнің 193 мемлекетін біріктіріп, өзекті геосаяси қарым-қатынастарды, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін ауқымды диалог алаңы екені бәрімізге мәлім. Бүгінгі таңда Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы өз жұмысын жалғастыруда. Сессияның басты тақырыбы БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырумен тікелей байланысты болып отыр.
Әлем • 26 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары әлем назарында
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа мемлекеттік сапары барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының 74-сессиясына қатысты. Іргелі ұйымның бұл жолғы жиыны «Кедейлікті жою, сапалы білім беруді және климатты сақтау іс-қимылдары мен жан-жақты тәсілдерді ілгерілету үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру» тақырыбына арналған болатын. Осы орайда, Мемлекет басшысы беделді мінберде сөз сөйлеп, бірқатар маңызды мәселелерге халықаралық қоғамдастық назарын аударды. Айта кетерлігі, бұл – Қ.Тоқаевтың Президент ретінде қатысқан БҰҰ-ның алғашқы жиыны. Осы бір ерекше оқиға әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары назарынан тыс қалған жоқ. Синьхуа, Bloomberg секілді алпауыт агенттіктер мен the Hill, Agenparl секілді басылымдар Мемлекет басшысының сапарына кеңінен тоқталды.