ЭКСПО-2017 • 01 Қыркүйек, 2017
Көрме музейі жәдігерлермен толықты
«Таңғажайып Шанхай» деп аталатын қайырымдылық шарасы аясында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің музейіне осы шараның 180 жәдігері табысталды. Оған қырыққа тарта мемлекеттің өкілі қатысты. Кездесуде музейдің маңыздылығы, оның қорын экспонаттармен толықтыру жайында айтылды.
Бизнес • 01 Қыркүйек, 2017
Іскер әйелдер үлесі артып келеді
Астанада «Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық бизнес-конференция өтті. Онда әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың қазіргі үдерістері, дамудың жаңа бағыттары мен мүмкіндіктері талқыланды. Конференцияның ашылуына Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева қатысып, сөз сөйледі. Ол бүгінде елімізде әрбір әйел өзін саясатта, бизнесте және ғылымда көрсетуге мүмкіндік зор екендігіне баса назар аударды.
Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2017
Отандық жобалар мәдениетіміздің алтын қорын молайта түспек
Пайда болған күннен бастап-ақ «көкжәшік» көптің көңілін баурап, бүтін бір ұрпақты тәрбиелеп шығатын қуатты құралға айналды. Сондықтан, онда көрсетілетін шағын жарнамадан бастап үлкен фильмдерге дейін мән-мазмұнға бай сапалы дүние болғаны абзал.
ЭКСПО-2017 • 01 Қыркүйек, 2017
Әйелдер болашақтың энергиясын қолдайды
Астанада «Әйелдер болашақтың энергиясын қолдайды» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады. Форумда таза энергетикаға көшуді қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның тиімді серіктестігі негізінде баламалы энергетика мен жасыл экономика саласындағы инновациялық идеяларды ілгерілету ісінде әйелдердің атқаратын рөлі мен үлесі талқыланды.
Үкімет • 01 Қыркүйек, 2017
Бақытжан Сағынтаев Ұлыбритания сыртқы істер министрімен кездесті
Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлыбританияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Алан Данканмен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.