Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2017
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы руханият саласына үлкен серпіліс әкелді. Мемлекет басшысының қазақ елінің рухани жаңғыруы туралы ойлары, әрбір азаматтың санасын оятатын, ұлттық мүддеге қызмет етуге шақыратын терең тұжырымдары аясында бүгінгі таңда нақты істер жүзеге асырыла бастады. Соның бірі – «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы бойынша облыста бірқатар шаруалар қолға алынды.
ЭКСПО-2017 • 01 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ел ордасы – Астанада өңірлер күндері алма-кезек ұйымдастырылуда. Облыс әкімдіктері өткізетін брифингтерден тартып көрмелер мен концерттер, шығармашылық кештер мен театр қойылымдары, жәрмеңкелер мен форумдар, басқа да түрлі шараларды қамтитын сол күндерде әр өңірдің экономикалық, мәдени, рухани жетістіктерін, әр өңірге тән ерекшеліктерді де байқап жүрміз. Конституция мерекесі мен Құрбан айт мейрамы қатар келген осы күндерде елордада халқы көп, қазағы қалың Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтуде. Елордалықтардың ықыласына бөленген елеулі іс-шараларының алды басталып та кетті.
Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2017
Жазғы спорт • 01 Қыркүйек, 2017
Қытайға қарасты Тайвань провинциясының астанасы Тайпейде XXIX Жазғы Универсиада-2017 ойындары аяқталды. 19 тамызда жалауы желбіреген байрақты бәсекеге әлемнің 142 елінен келген 7600-ден астам студенттер спорттың 21 түрі бойынша сынға түскен болатын.
Әдебиет • 01 Қыркүйек, 2017
«Мені ел қатарына қосқан – «Еңбекшіл қазақ»
Шиеліге үлкен жолдан кіре берісте көпір бар. Сол көпірдің оң жақ қапталында қорым жатыр. Мұнда қазақтың қабырғалы қаламгері, жазушы, аудармашы Қалмақан Әбдіқадіров мәңгілік мекенін тапқан. Әр өткен сайын қазақты «Мың бір түнмен» таныстырған, табыстырған қаламгердің рухына дұға оқып, бет сипаймыз. Жазушы 1964 жылдың 30 сәуірінде дүниеден озды. Жалғаннан өтерінен үш күн бұрын соңғы хатын жазыпты. Бұл хатты аудандық «Өскен өңір» газеті 1999 жылы 11 желтоқсанда жариялаған. Қалмақан Әбдіқадіров соңғы хатында не депті? Соны оқырман назарына ұсынып көрейік.