Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2017
Мемлекеттік хатшы Дүниежүзілік хирургтер қауымдастығының конгресіне қатысты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «ЭКСПО-2017» көрмесінің ресми іс-шаралары аясында өтіп жатқан Дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торакальдық хирургтер қауымдастығының 27-ші конгресіне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Құрбым екеуміз көлік ішіндеміз. Көше кептелісінде қапталдаса тұра қалған жүргізушіге көзім түсіп кетті. Жүрегім дір ете қалды. Құрбыма: – Қарашы, – дедім. – Астапыралла, не түр мынау? Құрбымның түсі бұзылып кетті. – Түу, жүрегім ұшты ғой, өзің көріп қоя салмадың ба? Не пәле болып барады, жүзі қандай қорқынышты, ештеңеден тайынатын адам емес қой мынау.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Кеңес одағының әлемдік саясат пен экономикада ықпалы артты. Соғыс кезінде көмек қолын созған елдерге айрықша қолдау көрсету шарасы қолға алынды. Осы бағытта КСРО басшыларының назарына ілінген мемлекеттің бірі – Моңғолия. Өйткені, бұл ел соғыс жылдары қызыл армияға көмек ретінде 1942 жылдың ақпан айында – Внешторгбанк арқылы 2.5 млн төгрег, 100 мың америка доллары, 300 келі алтын (3 815 725 рубль) қаржыға «Революционная Монголия» («Т-34» маркалы 32, «Т-70» маркалы 21 танк) атты танк колоннасын қызыл армияның 112-ші бригадасына сыйласа, 1943 жылдың сәуір айында 25,3 млн төгрегтің азық-түлігі және 12 дана «Ла-5» жойғыш ұшағы бар «Монгольский арат» эскадрильясын сыйлады.
Білім • 01 Қыркүйек, 2017
Маңғыстау мектептері: жылдар жетістіктерге жетелейді
Санаулы күндерден кейін балалар мектеп босағасынан аттайды. Базарлар мен дүкендерде оқу құралдарын түгендеп, мектеп формасын киіп қарап жатқан оқушылар... Мектептерде жөндеу жұмыстарының соңғы шегелері қағылып, жаңа оқу жылында оқушыларды есіктерін айқара ашып қарсы алуға дайын ба, оқулықтардың және мамандардың жеткіліктілігі қай деңгейде, өзге де білім саласына қатысты мәселелер төңірегінде зерделеп көрген едік.
Алматыда соңғы жеті жыл бойы қыркүйек айында ерекше дайындықпен өткізілетін конференция биыл 24 қыркүйекте өтеді. Оны білетіндерден гөрі, білмейтіндер көбірек сияқты.