Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2017
ОҚО диқандары Құрбан айтқа орай әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін азық берді
Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары Құрбан айтқа орай Астана қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін қауын-қарбыз таратты, деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2017
Алматы облысында 600 орындық жаңа мектеп ашылды
Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды. Шараға аймақ басшысы Амандық Баталов қатысып, оқушыларды, олардың ата-аналары мен ұстаздарды қуанышты сәттерімен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2017
Талдықорғанда айт күндері 70 такси тегін қызмет көрсетеді
Қасиетті Құрбан айт мерекесін талдықорғандықтар ерекше құрметпен атап өтуде. Айт күндері қалада 70 такси жұртқа тегін қызмет көрсетеді. Сондай-ақ бұл мейрам ұлттық ойындармен ұласып, жетісулық жамағат ат жарыстырып, балуан күрестіріп, арқан тартысып көңіл көтереді. Мұндағы мақсат игі амалдар мен жақсылыққа шақыратын Құрбан айт мерекесінің мәнін тереңдетіп, мәртебесін асқақтату, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2017
Ватикан Кардиналы әртүрлі ұлыстардың қарым-қатынасын нығайтуға шақырды
Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Барлығымыз бірге ортақ үйімізге қамқор болайық» дінаралық конференция өтті. Оның бастамашысы – халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің жеке павильонын ұсынған қасиетті Престол, адамның жан-жақты дамуына ықпал ету бойынша префект Дикастерий, кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон.
Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2017
АҚШ елшісі қазақ тілінде Құрбан айт мерекесімен құттықтады (видео)