Қоғам • 28 Қыркүйек, 2024
Халық штабы мұнайшылармен кездесті
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халық штабының мүшелері Маңғыстау облысында болды. Мұнда олар мұнайшылармен, өңір халқымен кездесулер өткізіп, Сенек ауылының тұрғындарымен аймақты дамыту бағытын талқылады.
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2024
Мароккоға визасыз сапарлауға болады
Қазақстан мен Марокко визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Бұл екі ел азаматтарының сапарларын жеңілдетуге бағытталған, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2024
Елордамызда үш күн қатарынан жалғасқан Astana Media Week-2024 апталығы жылдағы дәстүрге сай «Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарына марапат тапсыру салтанатымен аяқталды. Биыл байқауға 400-ден аса өтінім келіп түсіп, солардың ішінен 12 аталым бойынша оза шапқан медиа саласы мамандары мен ұжымдар белгілі болды.
Президент • 28 Қыркүйек, 2024
Түркістан – даму динамикасы қарқынды өңір
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Киелі шаһарға ат басын бұрған Президент алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Одан кейін өңірдің даму динамикасын бағамдап, жаңадан бой көтерген білім беру, мәдениет және спорт нысандарын аралап көрді. Бұған қоса бірқатар кәсіпорынға барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысты.
Талбесік • 28 Қыркүйек, 2024
Аң-құстарға азық дайындалып жатыр
«Бурабай» ұлттық паркінде жыл санап саны артып келе жатқан жабайы жануарларға қысқы жемшөп дайындау жұмысы қызу жүріп жатыр. Қазірдің өзінде қайыңның жапырағы қалың бұтағынан 147 мың бума дайындалды. Былтыр 135 мың бума дайындалған еді.