Тарих • 30 Қыркүйек, 2022
Сыр бойындағы тым әріден бастау алатын ағартушылық дәстүрі жайлы сөз болғанда ахундар мұрасына соқпай кету әсте мүмкін емес. Жекелеген авторлар қаламына оқта-текте ілініп қалатын бұл тақырып әлі толыққанды зерттеу нысанына айнала қойған жоқ. Облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ізденісі осы олқылықтың орнын толтыруға жасалған қадам болып тұр. Музей мамандарының жергілікті Qyzylorda телеарнасымен бірлесіп, «Құнды жәдігер» жобасы аясында түсірілген хабарлар Тапал ахун (Нұрмұхаммед) Қадірұлы мен Әлібай ахун Қосқұлақұлының мұрасына арналды.
Туризм • 30 Қыркүйек, 2022
Туризмнің төрт құбыласы түгенделіп келеді
Еліміздегі туризм саласының көшін бастар көрікті өңірдегі бүгінгі ахуал туралы сөз сабақтар алдында мүмкіндіктің мол екендігін, бүгінгі таңда табиғаттың тамаша тартуын барынша тиімді пайдаланып, бар істі ілкімді үйлестіру бағытында біршама қадам жасалып жатқандығын айтуға болады.
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2022
Цифрлық стратегия – өндіріс өзегі
Цифрлық шешімдердің өндіріске енгізілуі жиі және белсенді талқылана бастады. Қалай енгізілгені жөн? Қандай фактор ескерілуі керек? Кәсіпорынның цифрлық стратегиясы қанша уақытқа дейін жарамды болмақ? Осы және өзге де сауалдарға сарапшылар жауап іздеп көрген еді.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2022
Тілсіз жау биыл Жетісудың шұрайлы жерлерін отқа орап, облыстың орман шаруашылығын біраз әбігерге салды. Бүгінде облыстағы орман қоры 1,5 млн гектарды құрайды. Оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ – 330,9 мың гектар. Бұл жер біткеннің жерұйығы саналатын өңір үшін көңіл көншітетін есеп емес. Оның үстіне биыл 741,0 гектар алқап жанып кеткен.
Сұхбат • 29 Қыркүйек, 2022
Құзар шыңның басында тіршілік ететін қар барысына табиғат-ана өзгеше бітім берген. Жер бетінде ілбістер мекендейтін 20 аймақ болса, соның екеуі Қазақстанда. Бұл – Жоңғар Алатауы мен Іле Алатауы. Әсіресе Алматы тауларын мекендейтін сыры жұмбақ жануарды экологиялық кедергілерден сақтау – ғалымдарды толғандырып отырған мәселе. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қар барысын бақылау орталығы териология зертханасының (сүтқоректілер) меңгерушісі, Wildlife Without Borders мүшесі Алексей Грачевтен өз сауалдарымызға жауап алдық.