Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2017
Осыдан біраз бұрын Мәскеудегі Орыс шетелі үйінде аса көрнекті орыс жазушысы Георгий Гребенщиковтің 130 жылдығына арналған кеш өтіп, онда белгілі әдебиеттанушы Сауытбек Абдрахманов сөз сөйлеген болатын. Ғалым-қаламгердің қазақ жерінде туып, өз шығармашылығымен қазақтар өмірін әлемге әйгілеген, заманында Нобель сыйлығына ұсынылған аса көрнекті сөз зергері туралы «Forum Rоerich» сайтында жарияланған мақаласын аударып, «Егемен Қазақстан» оқырмандарына ұсынуды жөн көріп отырмыз.
Білім • 28 Қыркүйек, 2017
Ұлт ұрпағының ұғымтал болып өсуі ұстаздарға байланысты. Өйткені халқымыз ертеден мектеп табалдырығын аттаған әр баланың санасына «Мектеп – екінші үйің, ұстаз – екінші ата-анаң» деген ұғымды сіңіріп келеді.
Театр • 28 Қыркүйек, 2017
«Себеп бар жаным, себеп бар, аспандағы жұлдыздар айтса да, себеп бар...» деп, Шекспирдің «Отеллосы» айтқандай, әр істің басталуында әйтеуір бір себептің болары анық.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2017
Аллеядағы әңгіменемесе қазақтың қайсар қаламгері
Ұлт руханиятының қаранар абызы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Казақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза қазақтың көркем әдебиетіне ғана олжа салып қойған жоқ. Оның қаламгерлігі қайраткерлікке ұласты, оның көкірегінде қоғамдық ойдың қорытпалары балқыды. Шерағаң жаңа тұрпатты, еркін тынысты тәуелсіз қазақ баспасөзінің бастауында тұрды. Өзінің айналасында Шерағаң шекпенінен шыққандардың тамаша журналистік мектебін қалыптастырды. Редакторлардың редакторы атанды. Отанымыздың бас газетінің егемендігімізге сай жаңа атауын дүниеге келтірді. Ел газеті «Егеменде» Шерхан Мұртаза үрдісі, Шерағаң дәстүрі дәуір жалауындай желбірей жалғасып келеді. Ұрпақ сабақтастығы деген осы.
Медицина • 28 Қыркүйек, 2017
Медициналық сақтандыру: оның тиімділігі неде?
Дүниежүзілік банк жүргізген зерттеулерді зерделесек, Қазақстан азаматтарының түрлі медициналық қызметтер үшін қалтасынан шығаратын қаражатының көлемі 38 пайыздан асып жығылады екен. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде бұл көрсеткіш 20 пайызға да жетпейді. Бүгінгі таңда ЭЫДҰ-ға мүше 35 елдің 19-ы медициналық сақтандыру жүйесін қолданады. Олардың дені мемлекет бақылауындағы медициналық сақтандыру жүйесін басшылыққа алған. Жалпы денсаулық саласына қай елдің бөлетін қаражатын қарасаңыз да айдарынан жел ескен мемлекетті көруіңіз екіталай. ІЖӨ-нің 8-15 пайызын денсаулыққа жұмсайтын алпауыт АҚШ-тың өзінде 40,4 млн адам қарапайым медициналық көмекке зәру.