Тәрбие • 02 Қыркүйек, 2017
Балалар үйіндегі он баланы бауырына басып, асырап-жеткізген Қарлыға мен Нұрлан Садықовтардың отбасы бүгінде тамырын тереңге тартқан мәуелі бәйтерекке айналып отыр. Жуырда Қостанайдан елордаға қыдырып келгенін естіп, ғибратты отбасының өнегелі әңгімесін тыңдауға асықтық. 27 жасында он екі баланың анасы атанған Қарлыға бала бағумен өткен жастық шағының әсерлі кезеңдері туралы әңгімелеп берсе, Нұрланның Қостанай өңірінен қазақ мектебін ашуға бастамашы болғанын естіп, ерлікке баладық.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2017
ОҚО-да жаңа оқу жылы 20 мектептің ашылуымен басталды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы «Сәуле» шағын ауданындағы жаңадан пайдалануға берілген №129 жалпы орта мектебінің «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасына қатысып, Білім күнімен барша ұстаздар мен шәкірттерді құттықтады.
Білім • 02 Қыркүйек, 2017
Мемлекетімізде білім берудің инновациялық даму жүйесі қалыптасты - Исекешев
Бүгін Қазақстанда шамамен 380 мыңға жуық оқушы бірінші сыныпқа барады. Республиканың барлық білім мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды. 1 қыркүйек Құрбан айт мейрамына дәл келгендіктен алғашқы қоңырау соғу салтанаты 2 қыркүйекке ауыстырылған болатын. Астана қаласы əкімі Əсет Исекешев айтулы мереке – Білім күнімен құттықтады.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2017
Маңғыстауда мұнай жəне газ кешені қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Ақтауда мұнай жəне газ кешені қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиын өтіп, оған Маңғыстау облысының әкімі, мемлекеттік орган мен кәсіпорын басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, өңірдің құрметті азаматтары, ардагер-мұнайшылар, облыс жұртшылығы қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі «egemen.kz» тілшісіне.
Білім • 02 Қыркүйек, 2017
Бүгін Ақтөбе облысында 8 мектеп пайдалануға берілді
Жаңа оқу жылында Ақтөбе облысының мектептерінде 132 мың балалар оқиды, соның 16 422 - бірінші сынып оқушылары, деп хабарлайды əкімдіктік баспасөз қызметі.