Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2017
Ақтөбе облысында жаңа мектептер ашылды
Биыл Ақтөбе аймағындағы мектептер 132 мыңнан астам оқушыны қабылдаған болса, олардың 16 мыңнан астамы мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер. Яғни білім беру ғимараттарына «тарыдай болып кіргендер». Өмір бір орнында тұрмайды. Ол үнемі алға қарай үздіксіз даму, жылжу, өсу үстінде. Соған сәйкес мектептерде білім алатын оқушылардың саны да жыл сайын одан әрі арта түсуде.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017
Қандастарға жасалған қамқорлық
Нар өркештенген тау етегін бөктерлей жүріп келеміз. Ғаламат дүниенің жұмбақ сырын ішіне бүккен алып таулар маңғаздана керіліп бізге міз бағар емес. Облыс орталығынан төрт жүз, төрт жүз елу шақырымдай жол жүргеннен кейін, ақ шаңқан үйлері бар ауылға кезіктік. Бұл мамыражай малын бағып, айранын ұйытып, сүтін сауып, еңбегінің арқасында құт пен береке тауып отырған Өзбекстан Республикасы Үшқұдық ауданына қарасты Жүзқұдық елді мекені екен.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болу Қазақстанның халықаралық деңгейдегі мәртебесін еселей түсетіні анық. Оның маңыздылығы мен сайлау үдерісінің қиындығын ескеріп, Сыртқы істер министрлігі қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін аянбай тер төкті.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017
Орталық Азия+Жапония: ынтымақтастықтың бірегей үлгісі
Биыл Орталық Азияның бес мемлекеті – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстанның қиырдағы Жапониямен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жылдан асса, Орталық Азия + Жапония диалогының жүзеге асырыла бастағанына 13 жылдың жүзі болыпты. Осыған байланысты Жапонияда аталған формат аясында 10-шы Токио диалогы өтті.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017
Астанада «Қасиетті Құран кітаптары» көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында «Қасиетті Құран кітаптары» атты көрме ашылды. Оның аясында көрермендерге кітапхана қорының бірегей жинағындағы Құранның араб тіліндегі, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын тілді нұсқаларының 55 данасы ұсынылады.