Таным • 30 Қыркүйек, 2022
Қытайда басылған Абай мен Мұхтар мұрасы
1929 жылы Шыңжаң билеушісі Жин Шурын (1928-1933) кеңес одағымен сауда келісімшартын жасап, соның аясында екі ел арасында өнер, білім, мәдениет алмасу іске асты. Сол достық дәстүрді жалғаған Шың Шысай (1933-1944) Шыңжаң билігіне келгеннен кейін, әсіресе 1933-1935 жылдар аралығында кеңес одағымен тығыз қарым-қатынаста болды.
Білім • 30 Қыркүйек, 2022
1971 жылы қазіргі Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы «Бөген» орта мектебіне математика пәнін оқытуға жаңадан мұғалім келді. Кейінірек оның сол кездегі Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы ҰПУ) математика мамандығы бойынша сол жылы үздік бітірген Қалмырза Ізтілеуұлы екенін білдік.
Білім • 30 Қыркүйек, 2022
Ньютонды түпнұсқада оқитын мұғалім
Әсілі, ұстаздар туралы сөз қозғай қалсақ, Мағжанның «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – ұстаздікі» деген ұлы сөзі көмейге келіп, кептеліп тұратынын несіне жасырайық. Ұлы тұлға айтып кеткен ғасырлар бойы айнымайтын аксиома. Бұдан соң бірдеңе деудің өзі – артық. Бірдеңе деудің өзі – қайталау. Тек бізге қалғаны – мұны түпсанамен түйсініп, жүрек түбіндегі құрмет-қошеметті еселей түсу. Бүгінгі біздің үйдің еркесі – елдің ертеңгі серкесі екенін ұғынсақ, оны ұлт тұтқасы қылатын осынау ұстаздар екенін естен шығармау.
Медицина • 30 Қыркүйек, 2022
Өне бойымызды қуалып, өмір сыйлап тұрған қан – су емес. Алпыс екі тамырға жайылған қызыл сұйық жеті атамыздан да асырып, қалай ақпарат беріп тұр? Құдайдың бұл құдіретін ғылым мен ілім ғана түсіндіре алмақ. Ендеше, біз кімнің ұрпағымыз, бойымызда қандай тұқым қуалайтын кесел мен қабілет бар, қазіргі таңда осының бәрін озық технологиялардың көмегімен анықтауға болады.
Руханият • 30 Қыркүйек, 2022
Шын жазушыға атақ-абырой, мадақ пен мақтау, барша құрмет шығармасы арқылы келеді. Әділетті оқырман да әдебиеттің бұл әдепкі ережесін біледі. Көңілдің күйін қозғап, мезет тебіренткен жақсы шығарманың әсері жадыңнан өшуі де қиын. Кейде әдебиетте біз түсінбейтін ғарыштық деңгейдегі белгісіз бір күш бардай сезіледі. Әйтпесе, жазуға келген мың-сан автордың бәрі тарихта қалар еді... есімдері жатталар еді. Сонымен бірге қанша ғасыр өтсе де, жылғалардан қанша су ағып, жылдар жылжыса да әлі күнге дейін ынтыға оқылатын авторлар бар. Парадокс.