Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2017
«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» ашық шығармашылық конкурсы жарияланды
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында белгіленген тақырыпқа арналған үздік материалға ашық шығармашылық конкурс жариялайды.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2017
Біз көп біле бермейтін, көп емес-ау мүлде білмейтін, бірақ адам өміріне аса қажет мамандық түрлері аз емес екен. Жақында Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі арнайы ұйымдастырған пресс-тур барысында шаһарымызда елеусіз ғана еңбек етіп жатқан ерекше мамандық иелерімен тілдесіп, жұмыстарымен жақынырақ танысудың сәті түсті.
Спорт • 28 Қыркүйек, 2017
Марат Жыланбаевтың есімі Гиннестің рекордтар кітабына марафоннан әлемнің 7 мәрте рекордшысы ретінде енген. Ол – төрткүл дүниенің ең үлкен құмды шөлдерін бір өзі ғана жүгіріп өткен әлемдегі жалғыз марафоншы. Мысалы, әйгілі желаяқ 1993 жылдың 25 ақпаны мен 23 наурызы аралығында Қарамқұмның 1700 шақырымын 24 күнде бағындырып, жүгіріп өткен.
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2017
Google Translate қазақ тілінде ауызша аудару қызметін қосады
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мəлімдеді.
Футбол • 28 Қыркүйек, 2017
2014 жылғы әлем чемпионатының финалын миллиардқа жуық адам тікелей эфирден тамашалапты. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Төрткүл дүниенің төрт бұрышында ала допқа қызығатындар саны жыл санап артып келеді. Сүйікті командасының ойынын тікелей тамашалау үшін аренаға ағылатындар қаншама?! Әйтсе де Қазақстандағы жағдай тіпті бөлек.