Парламент • 05 Қыркүйек, 2017
Мәжілісте латын әліпбиі талқыланады
Дүйсенбі, 11-қыркүйекте, Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өтеді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Парламент • 05 Қыркүйек, 2017
Белгіленген басымдықтар қаралды
Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің бюро отырысының үшінші парламенттік сессиясының бірінші отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Парламент • 05 Қыркүйек, 2017
Жаңартылған құраммен жұмысқа кірісті
Кеше Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілік етуімен Парламент Сенатының жалпы отырысы өтіп, онда жаңадан сайланған және тағайындалған депутаттар ант бердi. Сондай-ақ, палата бюросының ұсынуымен Сенаттың тұрақты комитеттерінiң төрағалары мен мүшелерi сайланды.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017
Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында айқындалған меже мен міндеттерді іске асыру жергілікті атқарушы билікке үлкен жауапкершілік жүктейді. Ал өңірлерде жүзеге асқан бастамалар мен жобалар экономиканы арттырып, әлеуметтік саланы қанаттандырады. Сонымен қатар, мемлекеттің де даму деңгейі көрініп, әлемдік бәсекеге қабілеттілік қарқын ала түседі.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2017
Қостанай ауданындағы «Жаркөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ыбраш Естаев – облысқа белгілі диқан. Егін шаруашылығымен айналысқанына биыл 49 жыл болған екен. Бүгін облыста бірінші болып егін орағын аяқтағалы отыр. Германиялық қуатты GLAAS комбайны басын иіп піскен бітік бидайды ұстарадай сыпырып келеді. Өткен жылы мың гектар жерді парға қалдырған. Тыңайған жерге көктемде элиталы тұқым сепкен соң егін де тығыз өсті. Орақ басталғалы Ыбыкең астық алқабынан шыққысы келмейді. Бітік өскен егін – көз қуанышы.