Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2017
Дуадақ дегенде қазақ спорт журналистикасының көшбасшысы Сейдахмет Бердіқұловтың бір шығармасы ойға оралады. Қазіргідей емес, Кеңес Одағында шетелге шығу өте қиын. Қырық сүзгіден өткізіледі, делегация құрамына міндетті түрде «салпаңқұлақ» енгізіледі. Тек, спортшылар мен спорт журналистеріне сәл еркіндік берілген. Осылайша, Кеңес Одағының бір топ журналисі Еуропадағы бір жарысты жазуға барады. Ол жақта тағамдар сылдыр сұйық, әйтеуір жігіттер қатты қызылсырайды.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2017
Дүниеде қандай нәрсенің де қадір-қасиетіне, оның артықшылығы мен өзгешелігіне тек салыстырмалы түрде баға беру арқылы көз жеткізуге болады. Мұндай салыстырмалы баға өзіміздің емес, өзгелердің аузынан шығып жатса белгілі бір тауар мен өнімнің құндылығы одан әрі арта түседі. Осы орайда Ақтөбе рельс арқалықтары зауыты туралы жазуды қолға алған кезімізде ойымызға шекаралас Орынбор облысына жолымыз түскен кезде губернатор Юрий Бергтің осы қазақстандық іргелі кәсіпорын жөнінде білдірген биік бағасы ойымызға оралып еді.
Үкімет • 05 Қыркүйек, 2017
Әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Сербияның қорғаныс министрі Александр Вулинмен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017
Жоғары технологиялық жабдықтар жайы сөз болды
Астана қаласында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен Сербия Қорғаныс министрі Александр Вулинмен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар Қазақстан – Сербия екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017
Жарияланған реформаларға жан-жақты қолдау
Мемлекет басшысы азаматтардың конституциялық құқықтарының сенімді қорғалуына және сот жүйесінің дамуына әрдайым ерекше назар аударып келеді. Бұл туралы жақында Бурабайда БАҚ-қа берген сұхбатында және Ақордада өткен кеңесте де сот кадрларын жақсарту, сот ісін жүргізуді оңайлату және басқа да мәселелерді ерекше атап өтті.