Қазіргі қоғамда мадақ һәм мақтау көп. Басқасын былай қойып, тек әлеуметтік желіні алыңызшы. Жасы бар, жасамысы бар тіпті, елағалық дәргейге жеткен азаматтардың өзі бірін-бірі тамсана-таңдана мақтайды-ау, шіркін. Осылардың қайсысы шын, қайсысы жасанды, бақай есепке құрылған мадақ-мақтау екенін ажыратып түсіну қиын. Кейбір мерейтой немесе шығармашылық кешке, жаңа туындысының тұсаукесеріне бара қалсаңыз, ол адамның атына айтылған қолпаш сөзден басыңыз айналып, көзіңіз қарауытады.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017
Халық сыншы. Өзіне қызмет етіп жүрген әкімдердің әрекеті мен әңгімесіне, тіпті түр-тұлғасына қарап баға беретіндер көп. Ұзақ ойланатын, сылбыр қимылдайтындарын сынап жатады. Кездесуге кешігіп келетіндеріне, көпшілікті күттіріп қоятындарына «әй, осы әкім, әскерге бармаған-ау» деп кейістік білдіріп жататындар да аз емес. Иә, әскери қызмет биік моральдық-этикалық өнегені, темірдей тәртіпке көніп, күні-түні елге қызмет етуді, кез келген жаннан қажыр-қайрат пен зор табандылықты талап етеді. Қарапайым халықтың белгіленген уақыттан кешігіп жүретін әкімнің әскерге бармағанын айтып, темірдей тәртіпті талап етуі де орынды. Әсіресе, айтқан жерден аулақ, төтенше жағдайларда әкімдерге әскери дағды қажет-ақ.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017
Биылғы жылдың алты айының өзінде еліміздің автожолдарында 3437 қылмыс тіркелген. Оның түрлері де көп. Оларға қарсы қолданылатын заңдарымызға сай оны орындау үшін қызмет ететін құзыры мол құқық қорғау органдары да жетіп артылады. Тек нәтиже болса екен дейміз.
Мен жастарды жақсы көремін. Танитыным бар, танымайтыным бар, әйтеуір, сырттарынан көз салып, жазғандарына, айтқан ойларына қарап тілеулес болып, қарадай ұнатып, жаныма жақын балап жүремін.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017
Бизнесті қолдау қарқын алып келеді
Бүгінгі таңда елімізде бизнесті қолдау, индустрияны дамыту мақсатында көптеген жұмыс атқарылып келеді. Бұл өз кезегінде мемлекеттің дамуын қамтамасыз етіп, жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыратыны анық. Ал бүгінде Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолға алынып жатқан индустрияландыру жұмыстары да оң нәтижесін беруде.