Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017
5 күндік оқу аптасын енгізу қалай жүзеге асады?
Оқу жылы басталды. Ата-аналар Білім және ғылым министрлігінің былтырдан бері айтып келе жатқан жаңалық – мектептерде 5 күндік оқу аптасын енгізу мәселесіне қатысты «Бұл идея қашан іске асырылмақ?», «Оқу жылы қанша күнге ұзаруы мүмкін?» деген сауалдар қойып отыр. Осыған орай Білім және ғылым министрлігі 5 күндік оқу аптасын енгізудің ең маңызды механизмдері жайлы түсініктеме берді.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017
Оқулықтардың мазмұны жаңарып, мұқабасы жұқарды...
Міне, жаңа оқу жылы да басталды. Биыл жалпы білім беретін мектептердің оқу үрдісінде жаңалық көп. Оның бастысы – былтыр басталған жаңартылған білім жүйесіне көшудің жалғасатындығы. Биыл 2, 5, 7-сыныптар жаңа мазмұнға өтеді. Білім бағдарламасындағы мұндай өзгерістер неден туындап отыр? Оқытудың жаңа мазмұны елдің үмітін ақтай ала ма? Оқулықтардың салмағы мен сапасы сын көтере ме? Осындай сан-салалы сұраққа жауап іздестіріп көрген едік.
Хоккей • 05 Қыркүйек, 2017
Футболда, хоккейде, жалпы, командалық спорт түрлерінде қазақтың баласы неге аз деп қара аспанды төндіретініміз бар. Әлбетте, індете берсең мұның себептерін іздеп таба алмайсың. Басқа ұлттың бапкері баламды кеудеден итерді деп, атты алысқа айдауға да болушы еді. Бірақ, көп жағдайда мәселе шешімінің кілті мына өзіміздің қолымызда екенін мойындай бермейміз. Бұған біздің көзіміз Нұрболат Туысбайұлы есімді азаматпен танысып, аз-кем әңгімелескен кезде әбден жетті.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2017
Батырдың табаны тиген жерлерге баспасөз туры ұйымдастырылды
ЭКСПО-2017 • 05 Қыркүйек, 2017
Италия – Еуропадағы ең белсенді серіктес (ЭКСПО жаңалықтары)
Италия Республикасы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында ұлттық күнін тойлады. Көрмеге келушілер елдің бай мәдениетімен танысып, әлемдегі ең белгілі сырнайшылардың бірі Нелло Сальца ансамблінің өнерін тамашалады. Сондай-ақ, Астана қаласы мемлекеттік филармониясының камералық хоры концерт қойды.