Қоғам • 28 Қыркүйек, 2017
Павлодар қаласының №2 соты 34 жастағы жеке кәсіпшілікте менеджер болып жұмыс істейтін Рустам Гильмановтың (сотталушы есімі өзгертілді) қылмыстық ісін қарап, оны алты жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге үкім шығарды. Бұл оның жастығына қарамай, төртінші рет сотталуы. Бірнеше рет істі болуына басты себеп – саналы түрде теріс діни экстремистік жолға түсіп, ауыр қылмыс жасауы.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2017
Судьяға әділдік пен әдептілік тән
Тәуелсіздік жылдары еліміз өзін әлемдік қоғамдастықта зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде танытып, халықтың экономикалық әл-ауқатын артырып, мықты билік жүйесін құра білді. Осы даму кезінде мемлекеттік сот жүйесі де өзгерді. Әділ сот төрелігіне қол жеткізу үшін ең алдымен судьялық әдеп қағидаларын сақтау қажеттігі айқындалды. Біз осы және басқа да мәселелерге байланысты Жоғарғы соттың судьясы Ғалымжан МЫРЗАКЕГЕ жолығып, сот төрелігіне қол жеткізудегі басты басымдықтар туралы айтып беруін сұрадық.
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2017
Еліміз тарихындағы орны ерекше
ЭКСПО-2017 көрмесі халықтардың достығын, қазіргі заманның жетістіктері мен инновациялық технологияларын көрсеткен заманауи көрме болды. Ол Қазақстанның, Астананың танымалдылығын арттыра түсуге үлкен үлес қосты. Оны көруге төрт миллионнан астам адам келді.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2017
Шығыста су және жел электр стансалары салынады
Жақында ғана Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Шығыс Қазақстан облысы 140-қа жуық «жасыл» энергетика саласындағы жобаларын ұсынған болатын.