Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017
Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды
Кеше Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аясында ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан IV әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Төртінші рет ұйымдастырылған байрақты бәсекеде әлемнің 25 елінен 70-тен астам спортшы өздерінің бақтарын сынауда. Халықаралық турнир Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің мұрындық болуымен өткізіліп жатыр.
Кәсіпқой бокс • 05 Қыркүйек, 2017
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес өзінің отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен жекпе-жек өткізіп, оны жеңгеннен кейін қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесетінін ресми түрде мәлімдеген болатын. Күз айының басты жекпе-жегі саналған Головкин-Альварес жекпе-жегіне қатысты бүгінге дейін жарияланған оқи қалар оқиғаларды назарларыңызға ұсынамыз.
Күрес • 05 Қыркүйек, 2017
Парижде өткен әлем чемпионатында 70 килоға дейінгі салмақта Ақжүрек Таңатаров Қазақстан қоржынына қола медаль салды. Ширек финалда италиялық Франк Чамизо Маркестен жеңілді. Маркес деген бір жампоз. Жолындағының бәрін қиратып, финалдың ауылына атойлап кіріп кетті. Соның арқасында Ақжүрек жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Алдымен өзбекстандық Ихтиёр Наврузовты жеңді. Әлем чемпионатына осал балуан келмейді. Ихтиёріңіз Рио-де-Жанейро олимпиадасында қола медаль алған. Риодан кейінгі әлем чемпионатында финалға шыққан. Азия чемпионаттарында талай рет топ жарған оғлан осымен екінші рет Ақжүректің қанжығасында кетті.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2017
Талдықорғандатағы да қоныс тойы
Талдықорғанда 168 отбасы үйлі болды. Мұның бәрі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары есебінен салынған 1 және 2 бөлмелі пәтерлер. «Арлан жоба» ЖШС-нің жобасы бойынша «Жетісужилсоцстрой» ЖШС тұрғызған 5, 6, 7 қабатты үйлердің құрылысы 2014 жылы басталыпты. Жалпы алаңы 11 мың шаршы метрге жуықтайтын үш үйді тұрғызуға 1 млрд теңге жұмсалған. Нысандар жоспарға сай қолданысқа беріліп отыр. Және сапасы жағынан да талаптарға толықтай жауап береді. Құрылыс барысын техникалық жағынан бастан-аяқ қадағалап отырған «Krav Инженеринг» ЖШС өкілдері осындай мәлімет беріп отыр.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2017
Қазақстанда көрікімен және тазалығымен ерекшеленетін Қостанай қаласы биыл өзінің 138 жылдығын атап өтті. Қостанайлықтардың жыл сайын сүйікті қаласының туған күнін атап өтуі тамаша дәстүрге айналған.