Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Әлеуметтік жобаларға жол ашқан «Нұрлы жол»
Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жүктелген міндеттер Оңтүстік Қазақстан облысында өз мерзімінде орындалып келеді. Өңірде әсіресе, елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз етуде ауыз толтырып айтарлық жетістіктер көп. Оңтүстікте биыл 50-ден астам ауылға газ құбыры тартылады. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 14,1 миллиард теңге бөлінген. Соңғы жылдары облыста 22,2 миллиард теңгеге 7 автоматты газ тарату стансасының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде Кентау, Арыс қалалары мен Ордабасы ауданында орналасқан үшеуі жақында пайдалануға беріледі.
Қазақстандағы мектеп формасының эволюциясы
Киім үлгісі – қоғам дамуын анықтайтын компоненттердің бірі болғандықтан, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыруға болады. Қазақ киімдері – халықтың материалдық мәдениетінде пішін логикасымен, құрылым тұтастығымен, түр-түсімен ерекшеленеді. Жаңа оқу жылының алғашқы аптасында Қазақстандағы тұңғыш мектеп ашылған тұстан бүгінге дейінгі мектеп формасының фотожинағын назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017
Елорда әкімдігі жұмыссыздарға 8 мыңнан астам бос орындар ұсынады
Бос жұмыс орындарының мәліметтер базасы күн сайын жаңартылып тұрады: қазіргі уақытта мыңдаған жұмыс берушіден 8 343 орын бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017
Астанада шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштері өсті
Елордалық әкімдіктің мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың 7 айында шағын және орта бизнес субъектілері 7 пайызға артты, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 55,8 пайызды құрады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
ЭКСПО-2017 • 05 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО-2017. Өзбекстан Республикасының ұлттық күні атап өтілді
Бүгін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аясында Өзбекстан Республикасының Ұлттық күні атап өтілді.