Бизнес • 30 Қыркүйек, 2022
Отандық кәсіпкер өгейдің күйін кешпесін десек...
Абай облысында шағын және орта бизнеспен айналысатын азаматтардың барар жері, басар тауы қалмады. Неге десеңіз, кәсіпкерлер саланы жетік білмейтін, мемлекеттің ішінен «мемлекет» құрып алған жергілікті шенеуніктерден әбден мезі болып, не істерін білмей дал. «Ядролық сынақтарға біз жауапты емеспіз», деген өңірдің іскер ортасы осы күнге дейін өз қалталарынан экологиялық төлемдерді неліктен төлеп келе жатқандарын түсінбей отыр. Облыс кәсіпкерлері шетелдік инвесторларға жасалатын жағдай отандық бизнеске де көрсетілуі керек деп санайды.
Үкімет • 30 Қыркүйек, 2022
Еңбек шарттарының талаптары жақсартылады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
Әлем • 30 Қыркүйек, 2022
Мелони – Италия премьер-министрі
Италияның билік басына алғаш рет әйел тағайындалмақ. Бұл – ел тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. Сайлауда жеңіске жеткен Джорджи Мелони Италия премьер-министрі қызметіне ресми түрде келесі айдан бастап кіріседі.
Экономика • 30 Қыркүйек, 2022
Жаһандық экономикадағы кез келген өзгеріс әлемдік қоғамдастықтың мүшесі ретінде Қазақстан экономикасына да әсерін тигізбей қоймайды. Ірілі-ұсақты өндірістер оның ықпалына ұшырауы – экономика заңдылығы. Мұндай сын-қатерлерге қарамастан өзінің жұмыс ырғағын, даму тұрақтылығын сақтап қалу шаруашылығы бекем өндіріс орындарының ғана қолынан келмек. Дұрыс амал таба алған іскерлік қабілет осындайда көрінеді әрі шыңдалады. Қазақстан экономикасының іргелі өнеркәсібі – мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы өз қызметінің барлық бағыты бойынша жұмысын тұрақты жағдайда жалғастырып келеді.
Экономика • 30 Қыркүйек, 2022
Қарына құрық ілер кісі таппай...
Ауыл шаруашылығы құрылымдары егін егіп, ақтылы мал өсіретін адам таба алмай зар. Техниканың тілін білетін механизатор, жылқы жайып, қой бағатын малшы жоқ.