Спорт • 30 Қыркүйек, 2020
2004 жылдың тамыз айы. Афина Олимпиадасының нағыз қызған шағы. Жаздың жаймашуақ күндерінің бірінде редакциядағы біраз журналист жиналып, теледидардан боксшылардың бәсекесін тамашалап отырғанбыз. Бір мезетте қабылдау бөлмесіндегі телефон шыр ете қалды. Хатшы қыз дереу маған қосты. Сөйтсек, Түркістаннан Бекзат Саттархановтың анасы хабарласып тұр екен. Амандық-саулық сұрасқаннан кейін Сырлыкүл апайымыз: «Жаңа теледидардан боксты көрдің бе? Комментаторлардың Бекзатты өзбек спортшысы деп жатқаны несі? Ондай әңгіме қайдан шықты? Баламның көзі көк болса да, өзі нағыз қазақ еді ғой. Жаны да, жүрегі де қазақ. Ұлым ешуақытта өзбек болған емес. Бекзат қазақ болып туғанын үнемі мақтан тұтатын. Құлыным өмірден озғанша, өз елі мен ұлтының ғана намысын қорғады емес пе?! Соны комментаторлар білмей ме? Әлде олар көзі тірісінде қазақ болған Бекзатты өлгеннен кейін өзбек қылайын деді ме?», деп ағыл-тегіл жылады.
Туризм • 30 Қыркүйек, 2020
Экотуризмді дамыту – еларалық мәселе
Ұлттық парктер аумағында туризмді дамыту – әсіресе пандемия жағдайында өзекті мәселе болып отыр. Көптеген қазақстандық өздері үшін табиғи аумақтардың сұлулығын жаңа қырынан ашқаны белгілі. Өкінішке қарай, туристерге әрдайым жеткілікті деңгейде қызмет көрсетілмейді, сондай-ақ туристер бұл нәзік экожүйелерде өздерін дұрыс ұстай білмейді.
Туризм • 30 Қыркүйек, 2020
Шыңға өрмелеу спорты – елімізде белсенді демалыстың қарқынды дамып келе жатқан жаңа түрі. Шыңдар мен жартастардағы арнайы жабдықталған бағдарлар Еуропадағыдай көп болмаса да, олардың қатары әуесқойлардың талап-талпынысының арқасында жыл сайын жаңа нысанмен толығуда. Табиғат жаратқан «жанды» жартастарға еркін өрмелеудің кәсіби спортшылармен қатар, белсенді демалысты таңдайтын саяхатшылар үшін де тартымдылығы жоғары.
Абай • 30 Қыркүйек, 2020
Әлем өзгеріске бет бұрды. Төрткүл дүниені жайлаған тәжі індеті жай келмегенге ұқсайды және бұл өзгеру жылдам әрі өзгеше түрде өтетінін байқатты. Адам ата заманынан бері жұмыр жерді тек адамзат баласы ғана өзгертіп, еркін меңгеріп, басыбайлы билік жасап келе жатыр еді. Ендігі жерде адамның бұйрығы жүрмейтін және оған көнбейтін жаңа әлем туып келе жатқан сыңайлы. Қазақ тумысынан адамның тіршілігіне қауіп төндіретін дүниенің бәрін (апат, топан су, оба-індет, жұт, зұлмат, ашаршылық, нәубет, т.б) «жаман» деген сөзбен тұсаулай салатын еді, ендігі жерде 180-нен астам мемлекетті басып алып жатқан коронавирус пандемиясына қандай ат қойып, айдар тағар екен. Менменсіп, дандайсып, өзін қасиетті Жер-анадан жоғары көтеріп жіберген адам үшін бұл індет барша адамзатты тәубесіне келтіріп отыр.
Абай • 30 Қыркүйек, 2020
Әрбір халықтың көш бастаушы, ақылгөй, даналары болған, мәселен, өзбектерде Әлишер Науаи, түрікмендерде Мақтымқұлы, орыстарда Пушкин сияқты, қазақтарда Абай сондай бірегей тұлға болды.