Үкімет • 26 Қыркүйек, 2019
Үкімет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді
Жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сонымен қатар, ғарыш саласындағы Қазақстан-Ресей тараптарының ортақ жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты. "Союз МС-15" басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуы сәтін тамашалады. Жұлдызды қалашықта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлерді аралап көріп, қаланы газдандыру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 26 Қыркүйек, 2019
Қостанай облысында Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай іс-шара өтіп жатыр (фоторепортаж)
Қостанай облысында жазушы Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына байланысты іс-шара өтіп жатыр. Оған Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев және «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы Айбын Шағалақ қатысты. Жиналғандар классик жазушының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2019
Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери үшсайыстың чемпиондары анықталды
Алматы қаласындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында әскери үшсайыстан Қарулы Күштердің чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға Қазақстанның барлық аймағынан 17 әскери қызметші құрамасы қатысты. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінен капитан Р.Игисинов хабарлады.
Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2019
Талдықорғанда алкоголь өнімдерін заңсыз өндіргендер ұсталды
Алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында Алматы облысы бойынша МКД және Талдықорған қаласы бойынша МКБ қызметкерлері бірлесе отырып қала аумағына тексерулер жүргізді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2019
Шекара бұзған екі өзбек азаматы ұсталды
Сағат 22:00 шамасында Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Ынтымақ» заставасының кезекшісі дабыл кешенінен аумақтардың бірінде Мемлекеттік шекараның бұзылғандығы туралы белгі қабылдады. Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.