Экономика • 30 Қыркүйек, 2022
Картоп бағасы қоймаларға тәуелді
Павлодар – картопқа жарыған өңір. Аймақта жыл сайын кемі 600-700 мың тонна картоп жиналып, дені экспортқа кетеді. Биыл жаздан бері көкөніс өсірушілер жарты млн тоннадан астам өнім жинаса, түйнегі алынбаған танаптардың көлемі әлі де 27 пайызды құрап отыр. Яғни биыл «екінші нан» тағы да аста-төк болады.
Бизнес • 30 Қыркүйек, 2022
Бизнесті қаржыландыру бағдарламасы
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен шағын және орта бизнес субъектілері үшін өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламасын іске қоспақ. Бағдарлама Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде ШОБ субъектілерін қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған.
Экономика • 30 Қыркүйек, 2022
Ақсу ферроқорытпа зауыты агломерациялық цехтың өнімділігін 20 пайызға арттырып, максималды қуатқа қол жеткізді. Бұл компания мамандары ұсынған жаңашыл шешімнің нәтижесінде жүзеге асты. Енді өндіріс көлемі жылына 250 мың тоннадан 300 мың тоннаға дейін ұлғаяды.
Экономика • 30 Қыркүйек, 2022
Алматының индустриялық аймағында Chery, Changan, Haval автомобильдерін шығаратын толық циклді мультибрендті зауыт салу жоспарланып отыр. Кәсіпорында көліктерді тек ұсақ торапты әдіспен өндіріп, шанағын дәнекерлеу және бояу жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай «Астана Моторс» пен қытай компаниялары арасында үш меморандумға қол қойылды.
Экономика • 30 Қыркүйек, 2022
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың төрағалығымен өткен жиында шаруа иелерін минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Кеңеске Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, сондай-ақ отандық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.