Экономика • 29 Қыркүйек, 2021
Биыл еліміздің агроөнеркәсіптік кешені үшін күрделі жыл болды. Бірақ қуаңшылық жағдай біздің елде ғана емес, Канада, АҚШ, Ресей сияқты әлемдік астық державаларында да байқалады. Бұған қарамастан, егін жинау уақтылы басталды. Бүгінгі таңда егін жинау қарқыны былтырға қарағанда жоғары. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған шаруалар бірқатар бағыт бойынша негізгі ресурстармен толық көлемде қамтамасыз етілуі септігін тигізді: жанар-жағармай, техника, тұқым, тыңайтқыш уақтылы дайындалды.
Әлем • 29 Қыркүйек, 2021
Азық-түлік қауіпсіздігі: Азиядағы ахуал қандай?
Былтыр әлемде ашқұрсақ адамдардың саны 650 млн-нан 800 млн-ға дейін өскен. Оның жартысынан көбі Азияда, дәлірек айтқанда Ислам ынтымақтастық ұйымының мүшелігіне кіретін елдерде тұрады. Мұндай мәлімет БҰҰ-ның 2021 жылғы дүние жүзіндегі азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтану мәселелеріне арналған есебінде айтылды.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2021
Ырысты өлкедегі өркениет тоғысы
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылған «Атамекен» тархи-танымдық экспедициясы Жетісу жерінде жалғасты. Іс-шара барысында бір топ журналист пен блогер облыстың Панфилов және Ұйғыр ауданы аумағындағы маңызды нысандарды аралап, ел тынысымен танысып қайтты.
Әлем • 29 Қыркүйек, 2021
Жапонияның жүзінші премьер-министрі
Жапонияның бұрынғы сыртқы істер министрі Фумио Кисида сәрсенбінің сәтінде билеуші Либералды-демократиялық партия (LDP) жетекшілерінің бәсекесінде жеңіске жетті, бұл оның бірнеше күннен кейін Күншығыс елінің келесі премьер-министрі болып сайланатынын білдіреді.
Білім • 29 Қыркүйек, 2021
Еліміздің ең үздік ұстаздары бас қосты
Тобыл өңіріне Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұмыс сапарымен келді. Министр ең алдымен облыс әкімімен бірге Қостанайдағы Ыбырай Алтынсариннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ағартушының рухына тағзым етті. Қостанайда биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы да кеңінен аталып өтуде.