Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2021
Швейцария еліміз үшін Еуропадағы инвестициялық хаб рөлін атқарады
Ел Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегацияның Швейцария Конфедерациясына жасаған ресми сапары барысында ірі швейцариялық компаниялардың басшыларымен кездесулер өтіп, Қазақстанда бірқатар әлеуеті жоғары инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері бойынша нақты келіссөздер жүргізілді.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2021
Сарыла күткен субсидия қағаз жүзінде қала бере ме?
Жақында Батыс Қазақстан облысының бірнеше ауданынан келген бір топ шаруа қожалығы басшылары облыстық әділет департаменті ғимаратының алдына жиналып, өңірде мал шаруашылығына берілетін субсидияның кешігуіне және жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдау өз деңгейінде болмағандығына наразылық білдірді.
Өнер • 21 Қыркүйек, 2021
Тау суының тамшысындай сылдырлаған сұлу сазды көкірегіңе қондырған өнерге деген іңкәрлікті тілмен айтып жеткізу қиын-ақ. Ал өнердің өресін кеңіткен бабалар үнін тыңдағанда, сол кеудеңді бірде шаттық кернеп, бірде мұң ториды. Замана зары, өмір шындығы, ел ерлігі деген ізгі қасиеттердің бәрін кеудесі кенді кешегілер әнмен мұра еткен-ау. Сол үшін де Мұқағали ақын айтқандай: «Бабаларым, рахмет сендерге!» деп тебірене түсесің. Бұлай тебіренуге кәсіби жыршы, термеші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Күнсұлу Түрікпен себеп болды. Рухани шөліркеген ұлтты әнмен сусындатқан өнер иесімен сұхбаттасудың сәті түсті. Жүрекжарды лебізі мен ән тағдырына деген алаңдаушылығын тыңдадық. Әншінің орамды ойларын, пайым-парасатынан өрілген өрелі сөздерін осы орайда зерделі оқырман назарына ұсынуды жөн санап отырмыз.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021
Жаңарған жолдар – Тәуелсіздік тартуы
Қазақстан Кеңес Одағынан қалған көне жолдарды қалпына келтіруде қыруар жұмыс тындырды. Бұған қала мен қаланы жалғап жатқан тақтайдай түзу жолдар, жанға жайлылық сыйлар автобандар дәлел. Әсіресе автожол саласындағы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының игілігіне ел куә.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2021
Дүниежүзілік банк дерегі бойынша былтыр жаһандық экономика көрсеткіштері 3,5 пайызға, ал Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) мәліметінше 3,2 пайызға құлдырап кеткен. Бұл жерде қай цифр шындыққа жақын деп бас ауыртудың қажеті шамалы. Қайткенде де бұрын-соңды кездеспеген құлдырауды бастан кешірдік. Қазақстан да соңғы жиырма жылда тұңғыш рет ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көрсеткішін теріс мәнге түсіріп алды (-2,6 пайыз). Содан әлі оңала алар емеспіз.