Медицина • 08 Қыркүйек, 2017
Уақыт ырғалып-жырғалуды көтермейді
Қысқы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланған әкімдіктің отырысында орын алған олқылықтарды шұғыл түрде түзету талаптары қойылды.
Тәрбие • 08 Қыркүйек, 2017
Нияз Сүндетәлиев – Қарағандыдағы белсенді жастардың бірі. Өмірге деген құлшынысы бар қайсар жігіт өзінің науқастанғанына қарамастан қоғам өміріне қомақты үлес қосып келеді. Ғаламторда жеке блогын жүргізіп, жетім балаларға қолдау көрсетуге мұрындық болып жүр. Осы жылы денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығымен марапатталды.
Медицина • 08 Қыркүйек, 2017
Қоғамдық көлікке көңіл толмай тұр
Семейдегі автобустар қозғалысына тұрғындардың наразылығы ерекше. Аяладамада жаздың ыстығы, қыстың аязында автобустарды сағаттап тосуға тура келеді. Уақтылы келетіні некен-саяқ. Ал сенбі, жексенбі немесе мереке күндері автобустағылар өздеріне демалыс жариялап алған. Салондардағы қара шаң, отыратын орындықтың аздығына өзара орынға таласып, төбелесетін жолаушылар, себебі автобус автобус емес, мал тиейтін көлік сияқты, ақша үшін бәрін тиеп әкету керек. Сол үшін мәселен, кейбір 20 орындық автобустарда қарттарға, аяғы ауыр әйелдер мен басқа да мүгедек жандарға арналған бес-алты орындық қалдырғаны болмаса, қалғанын түбірімен жұлып алып тастаған. Діттеген жеріңе 20-30 аялдама болса да, аяғыңнан тік тұрып барасың. Бірдеңе деп арыз-шағым айту мүмкін емес, себебі Семейде әр автобустың өз қожайыны бар. Әр автобус жекенің меншігінде. Ірі жүз шақты автобустың басын біріктіретін автопарк иелері өз алдына, жалға алушысы бар, басқасы бар, кім кімге бастық, кім кімге жауап береді – ол жағын ұғу оңай емес, сондықтан да ешкімге сөзің өтпейді.
Әдебиет • 08 Қыркүйек, 2017
«Қыз Жібек» жырын жатқа жырлайды
Даниял ағам алғаш кездескенімде, үндемеген еді. Ішіне сыймаған екен. Тағы бір жолыққанымызда, – Інім, сен қалай ойлайсың, осы бізге керек пе? Мұны тыңдайтын орта бар ма өзі қазір? – деп құсалығын білдірді. Әп-сәтте үндей алмасам да, сөзімді: – Неге керек емес? Қажетті дүниенің жүгін көтеріп жүрген сізге әлі де болса ризашылық білдіреді! – дегеннен әріге бара алмадым. Шыны керек, ағам іштей жылап тұр еді. Өзінің жылауы емес, қазағының бір өнерінің келмеске кеткені ме, деген өксікті танып едім сонда.
Руханият • 08 Қыркүйек, 2017
Қайсар қалыпты, дара мінезді жан
Қазақ елінің бүгінгі, отандық кәсіби музыка өнерінде композитор Жоламан Тұрсынбаев ойып орын алады. Оның дарынынан туған шығармашылық мұрасына қарасақ, біршама тамаша дүниелерді көреміз. Өзінің замандас – әріптестері Тілес Қажығалиев, Алмас Серкебаев, Сейдолла Бәйтереков, Кеңес Дүйсекеев, Төлеген Мұхамеджанов сапында тұрған ол музыка-сахналық, кантата-ораториялық, аспаптық, камералық, балалар музыкасы және ән жанрларында жемісті де жеңісті еңбек етіп жүрген композитор. Сонымен бірге, оның ешкімге ұқсамайтын айшықты шығармашылық мәнері бар.