Әдебиет • 30 Қыркүйек, 2020
Аударма саласындағы өзекті мәселе қандай?
30 қыркүйек – Халықаралық аудармашылар күні. Аударма ісінің зерттеу нысаны, қарастыратын мәселелер ауқымы кең. Елдің тілдік, әлеуметтік, саяси-экономикалық қатынастарына әсер ететін күрделі де жан-жақты сала. Соңғы уақытта елімізде қоғамдық саяси, ғылыми, ресми және көркем әдебиет қазақ тіліне аударылып шығыпты деген ақжолтай жаңалықты жиі естиміз. Ең заманауи, таңдаулы үлгілердің қазақ тіліндегі аудармасын жасау мемлекеттік деңгейде қолға алынған уақытта, мұндай міндеттен жекелеген тәуелсіз баспагерлер де тысқары қалған жоқ. Осы ретте аударма саласында қызмет етіп жүрген білікті мамандарды сөзге тартып, бүгінгі аударманың жайын сұрап көрдік. Аударма саласындағы өзекті мәселелер қандай? Ендігі сөз солар туралы.
Коронавирус • 30 Қыркүйек, 2020
Өткен тәулікте 69 адам коронавирустан айықты
Қазақстанда 69 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 30 Қыркүйек, 2020
Адалдық пен сенім бастауы – ашықтық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.
Экономика • 30 Қыркүйек, 2020
Инвестиция тарту бойынша кеңес өтті
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен инвестиция тарту бойынша апталық кеңес өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 30 Қыркүйек, 2020
Импорттаушыларға – 110 млн теңге айыппұл
Жыл басынан бері елімізге шетелден келетін жүктерді тексеру кезінде өсімдіктер карантиніне қатысты 2,7 мыңнан астам заң бұзу фактісі анықталды. Пандемияға байланысты биыл карантин талаптары күшейтілгенін атап өткен ләзім.