Руханият • 29 Қыркүйек, 2020
Ақмоладағы ат төбеліндей қаламгерлер қауымы үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауымен «Көкшетау қаламгерлері» сериясы бойынша алты ақынның жинақтары басылып шығып, тұсаукесері өткізілді.
Руханият • 29 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысының мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру идеясын жүзеге асыру бағытында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті тіл жанашырларының қатысуымен «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» тақырыбында онлайн конференция өтті.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020
Тәтті түбір алқабында еңбек дүбірі басталды
Жетісудің жер емген диқандары қант қызылшасын қазып, жинауды бастады.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020
Біз жолсапармен өңірдегі Ертіс, Ақтоғай аудандарына барған едік. Маңдай тердің төгілгені – өз несібесін беруде. Астық мол, дастархан толы. Ел-ішінің жағдайы жақсы. Бірақ, диқандар мен фермерлер ауылға, шаруашылықтарға интернет желісі, ұялы байланыс жетсе екен дейді. Ауыл шаруашылығында еңбек ететін жас мамандардың қатары көбейгенін күтеді.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020
Жамбылда жүзеге асқан жарқын жоба
Жамбыл облысында ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта аймақта «Бейбітшілік және келісім» жобасы іске асуда. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына орай, тиісті басшылар мен мамандар өңірдің бес ауданында болып, халықпен кездесті. Ел ішінде қордаланған мәселелерге назар аударып, оларды шешу жолдарын қарастырды.