Руханият • 26 Қыркүйек, 2019
Қорқыт Ата кітабы қолжазбасын тапқан Уәли Қожа маңғыстаулық студенттермен кездесті
Иранда түркі халықтарына ортақ ұлы тұлға Қорқыт Ата кітабының қолжазбасы табылды деген жаңалық ғылыми қауымды елең еткізіп, қазақ елінде де сүйіншілей таралып жатыр. ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралары тізіміне енген Қорқыт Ата кітаптарының екі нұсқасы барын, оның көне қолжазбалары Дрезден және Ватикан қалаларында сақтаулы екенін ғылыми әдебиеттерден оқып келдік. Ал көлемі жағынан ол екеуінен барынша толығырақ нұсқасын Иран Ислам Республикасының астанасы Тегераннан кездейсоқ тапқан қазақ қандасымыз Уәли Мұхаммед Қожа оның көшірмесін атажұрты Маңғыстауға әкеліп, Yessenov University оқытушылары мен студенттеріне арнайы таныстырды.
Руханият • 26 Қыркүйек, 2019
«Алаш алқасы» жастар клубының кезекті жиыны өтті
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және №48 мектеп-лицейімен бірлесе отырып «Алаш алқасы» ғылыми-танымдық интеллектуалды жастар клубының кезекті жиынын өткізді. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.
Ғалымдар Қазақстанда тарының қалай пайда болғанын анықтады
Назарбаев Университеті, Алматы қаласындағы Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университеті және Германиядағы Киль университеті ғалымдарының жаңа зерттеулері Ішкі Азия таулары арқылы тарыны алғашқы өткізу мал жаю мен өсімдік өсіру арасындағы тығыз байланыспен сәйкес келгенін көрсетеді. Бұл туралы Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2019
Үнсіз отырмай, халықтың алдына шығу керек - Бауыржан Байбек
Жаңартылған Партиялық бақылау комитетінің алғашқы отырысында Бауыржан Байбек партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясының жұмысын қайта жандандыру аясында берген бірқатар тапсырмасы туралы айтты. Бір ай ішінде мәслихаттардағы партия фракциялары өңірлік даму бағдарламаларының орындалу барысын тексеріп, бұл туралы жұртшылықты хабардар етулері тиіс. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2019
Еліміздің бірқатар қаласында тағы бірнеше инклюзияны қолдау кабинеті ашылады
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Нұр-Сұлтан қаласындағы №71 мектеп-лицейде ашылған инклюзияны қолдау кабинетіне арнайы барып, аталған бағыттағы жұмыстармен танысты. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.