Әлем • 29 Қыркүйек, 2020
Үндістан түбегінде COVID-19 тағы 82 170 адамнан табылып, жұқтырғандар саны 6 миллионнан асып кетті.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2020
Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті 8 айда 79 әкімшілік іс қозғап, дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендерге 33 млн теңге айыппұл салды.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020
Індеттің таралуына орай елімізде жасалған шектеу шараларына байланысты жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы биыл жаңа форматта өтіп жатқаны белгілі. Яғни қашықтан оқуға арналған арнайы қажетті техникалық құралдары жоқ оқушыларға көмек берілмек. Мысалы, Екібастұзда өткен іс-шара барысында қала және қала аумағына қарасты 28 ауылда тұратын әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген 1 686 отбасының тізімі жасалып, балаларына көмек көрсетілді.
Медицина • 29 Қыркүйек, 2020
«СҚ-Фармация» жұмыс тобының мүшелерімен кездесті
Жуырда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн-форматта «СҚ-Фармация» ЖШС қоғамдық жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. СҚ-Фармацияның бастамасымен өткен жүздесу дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы проблемаларды, мүмкіндіктер мен жүйелі мәселелерді, сондай-ақ өзара іс-қимыл тетіктерін анықтауға арналды.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020
Шымкентте карантин талаптары күшейтілді
Шымкент қаласындағы жеңілдетілген карантин режіміне сәйкес 17 тамыздан бастап мектепке дейінгі ұйымдар жұмысын бастаған. Бүгінгі таңда қаладағы 508 мектепке дейінгі ұйымда 2743 кезекші топ жұмыс істеп жатыр. Онда 36 359 бала тәрбиеленуде.