Қоршаған ортаға қамқорлық қажет
Жасыратыны жоқ, бүгінде қайбіреулер айтатындай, «Бәріне табиғат кінәлі!» деген бір тіркес пайда болды. Төрт түліктің бірі өлсе де, ең далада алаңсыз жорытып жүрген киік қырылса да, Каспийдегі итбалықтар да, өзен-көлдердегі балықтар да, тіпті қар мол түссе де, сосын елді мекендерді су алса да, дауыл тұрса да, әйтеуір, бәріне табиғат кінәлі болып шығады.
Әлем • 14 Қыркүйек, 2017
Американы үрей жайлады. Қыркүйек айы басталғаннан бері апаттардан көз ашпаған АҚШ тағы бір қатер алдынды тұр. Техас және Луизиана штаттарын зор күйзеліске ұшыратқан «Харви» дауылының ізі басылмай жатып, Флорида штатында «Ирма» дауылы соқты. Қалалардағы қираған үйлер мен су басқан ғимараттарда есеп жоқ. Адам шығыны да бар. АҚШ-тың оңтүстік-шығыс жағалауын жайлаған «Ирма» дауылы соңғы ондаған жылдар көлеміндегі Атлант мұхитында пайда болған дауылдардың ең жойқыны көрінеді. Оның алғашқы кездегі қуаты сағатына 300 шақырымды құраған. «Ирма» апатынан есеңгіреген АҚШ-қа енді Мексика бұғазында қалыптасқан «Катя»дауылы жақындап келе жатыр...
Әлем • 14 Қыркүйек, 2017
Германиядағы Парламент сайлауы жақындаған сайын бундес үкіметтің тізгінін кім ұстайтыны жарты әлемді қызықтырып отыр. Еуропадағы экономикасы өрлеген елдің тағдыры көпшілікті бейжай қалдырған жоқ. Алдағы 4 жылда Бундестаг тізгінін кім ұстайды? Кімнің бәсі жоғары? Қарт құрлықтың іргелі еліндегі сайлауға аз-кем көз жүгіртіп көрген едік.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2017
Индонезия Астанаға қарап бой түзейді
Джакарта билігі ел астанасын ауыстыру мәселесінде Қазақстанды үлгі етеді. Бұл туралы Қазақстанның Индонезиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Асхат Оразбай Астанада өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Әлем • 14 Қыркүйек, 2017
Елдеріндегі қиын тұрмыстық жағдайдан, зорлық-зомбылықтан, дағдарыстан діңкесі құрып, өмір сүруге жайлы жер табу мақсатында теңіз малтып Еуропаға беттеген босқындар легі азаяр емес. Олардың қауіпсіздік мәселесі біраз жылдар бойы халықаралық ұйымдардың күн тәртібінде қаралып келді. Ақыры тиісті шаралар қабылданып, тиімді шешімдер қолға алына бастаған кезде тағы бір қиын мәселе көлденеңнен шықты.