Қазақ ғылымын дамытуға саналы ғұмырын арнаған белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Әшімжан Ахметов ортамыздан ерте озса да, елдіктің жолындағы ерен еңбегі еш ұмытылмақ емес. Қайраткердің өмір керуеніне көз жүгіртер болсақ, Жоғарғы Кеңестің депутаты, Өнеркәсіп, энергетика, транспорт және байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы (1994-1995), Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары, Мәжіліс депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша комитетінің төрағасы (1996-1999), Білім және ғылым вице-министрі (1999-2001) қызметтерін атқарса, 2001-2005 жылдары Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің, 2005-2006 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, 2006-2008 жылдары Президент жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының, 2008-2012 жылдары Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры болып еңбек етті.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2017
Оңтүстік Қазақстан облысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Ел боламын десең...» тақырыбында этнограф, жазушы Зейнеп Ахметовамен сырласу сағаты өтті.
Кино • 15 Қыркүйек, 2017
Оқырман ойында болса, «Оралман» көркем фильмі жыл басында Иранда өткен XXXV Халықаралық Фаджр кинофестивалінде Бас жүлдені, сонымен қатар XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің де Бас жүлдесін жеңіп алған болатын.
Кино • 15 Қыркүйек, 2017
Соңғы он бес-жиырма жылда Қазақстанның телеарналарында үндінің, түріктің, қытай мен басқа да елдердің телехикаялары көптеп көрсетілді. Бұл телехикаялар көрермендерімізді жай қызықтырып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол елдердің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениеті мен өнерін санамызға сіңіріп, насихаттады; ұғым-түсінігімізге, дүниетанымымызға айтарлықтай әсер етті. Мұны жасырмай, мойындау керек.
Моңғолиядан басталған экспедиция Ұлытауда қорытындыланады
Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) ұйымдастыруымен қазақстандық және шетелдік бір топ ғалымдар мен зерттеушілер, тілшілер «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» ІІІ халықаралық экспедициясына шықты.