Экономика • 28 Қыркүйек, 2024
Алматыда өткен KIOGE 29-халықаралық «Мұнай және газ» көрмесі мен конференциясында еліміздің былтыр 90 млн тонна мұнай өндіргені, оның 70,5 млн тоннасы экспортталғаны айтылды. Еліміз 2030 жылға таман мұнай өндірудің жылдық деңгейін 100 млн тоннаға жеткізуді көздеп отыр.
Тұлға • 28 Қыркүйек, 2024
28 қыркүйек – Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкей дүниеге келген күн
Қазақ әдебиетінің алыптары – Мұхтар Әуезов (1897-1961 жж), Шерхан Мұртаза (1932-2018 жж), Оралхан Бөкей (1943-1993 жж) 28 қыркүйек күні дүниеге келді.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2024
Адамды арман алдай ма, үміт алдай ма?.. Өмір өтіп, уақыт зырғыған сайын үміт ұлғая беретіні несі екен... Расында да, адам баласы жер теуіп тұрған шағынан қарағанда бойдан қуат кетіп, тіршіліктің жалғандығын ұғып үлгерген кезде үмітшіл бола бастайды. Шуақты күндердің сәулесі азая бергенде кеудесіне жылымық үміттің жібін байлайды. Ендігі ғұмырының бар жарығы – сол үміт. Өмірін ұзартатын да сол үміт сияқтанады. Осы үміт неге тағдырдың түрлі «тосын сыйын» тауысқан, өмірдің талай белесін аттаған жарым көңіл жандарға көріне береді екен?..
Тұлға • 28 Қыркүйек, 2024
Оралхан десе, бізге оқшау өмір елестейді. Өйткені жазу өнерімен ғана емес, сүрген өмірімен де көп ішінен дараланатын қарымы бөлек қаламгердің әлеміне бойлаған сайын әдемі әсерді арқалап шығарымыз анық. Өкініштісі сол, біздің буынға Оралханның дара болмысын, Алтайдың өзіндей асқақ мінезін, Мұзтаудай маңғаз, кербұғыдай кербез бітімін көзімізбен көру бақыты бұйырмаған.
Отбасы • 28 Қыркүйек, 2024
Қазақ жерінен мұнай алынғалы 125 жылдан асты. Ғасырдан да ұзақ мерзімде бірнеше мұнайшы династиясы қалыптасты. Қазір Авров, Балғымбаев, Балжанов, Бөлекбаев, Қарамұрзиев, Мырзағалиев, Бешімов, Оржанов, Өтебаев, Өтеғалиев, Шырдабаев, Марабаев, Досмұхамбетов, Жұмағалиев, Огай әулеттерінің еңбек жолын ұрпағы абыройлы жалғастырып келеді.