Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 23 Тамыз, 2024
Көшпелілер ойындары ұлттық мұрамыздың танымалдылығын арттырады
Төрткүл дүниенің назары Астана қаласына ауатын мезет те жақындап келеді. Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының дүбірі жақындаған сайын дайындық барысы да күшейе түскен. Тоқсанға тарта елге сауын айтылып, 2 мыңнан аса спортшыға қоса туристер де ағылатын аламанды ұйымдастырудың жауапкершілігі жоғары. Маңызды доданың сән-салтанатын келістіре өткеру мақсатында арнайы дирекция да құрылды. V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияның басшысы Наиль Нуровпен сұхбаттасып, айтулы іс-шараға әзірлік барысын байыптадық.
Еңбек • 23 Тамыз, 2024
Еңбек адамы ескерусіз қалмайды
Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы өмірімізді кәдімгідей жеңілдетіп, уақытымыз әжептәуір үнемделіп қалды. Заманның бұл игілігіне тез икемделгендер онлайн платформалар арқылы пайда тауып, негізгі жұмыс көзіне айналдырып отыр. Бірақ жылдан-жылға қатары көбейіп, нәпақасын осындай жолмен ажыратып жүргендердің еңбек құқығы толық қорғала қоймаған. Осы мәселені назарына алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы халыққа Жолдауында еңбек нарығындағы ауқымды өзгерістерге сәйкес тиімді тәсілдер қарастыруды тапсырған еді.
Руханият • 23 Тамыз, 2024
Біз халық әндерін жеткізушілер жайында сөз қозғағанда теледидар, радиодан халық әндерін насихаттаушыларды ғана айтамыз да, өткен ғасырдың бас кезінде баспа бетінен жарық көрген еңбектердің құндылығына назар аудармаймыз.
Өндіріс • 23 Тамыз, 2024
Баламасы аз, сұранысы көп кәсіпорын
Қостанайдағы арматура-оқшаулағыш зауыты жоғары кернеулі электр желілерінде пайдаланылатын шыны, полимер, фарфордан құйылған оқшаулағыштар мен желілік арматура шығарады.
Өнер • 23 Тамыз, 2024
Мажарстан сахнасында ән шырқайды
«Астана Опера» театрының солисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, халықаралық байқаулардың лауреаты Азат Мәлік күзде Мажарстан мемлекеттік опера театрының сахнасында америкалық композитор Джон Адамстың «Қытайдағы Никсон» операсының премьерасына қатысады. Қазақ елінің баритоны 22, 29 қыркүйекте, сондай-ақ 5 қазанда өнер көрсетеді деп жоспарланған.