Қаржы • 23 Тамыз, 2024
Көптен бері қаржылық ортада талқыланып, бірқатар қарама-қайшы көзқарастың туындауына себеп болған жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) төмендету мәселесі ақыры шешімін тапты. Жақында ғана Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы бірлескен қаулыны бекітті.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2024
«Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккендердің баспана мәселесі толық шешілді» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Экономика • 23 Тамыз, 2024
Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі саралануға тиіс
Экономикамыздағы қордаланған мәселелер бәрімізге таныс. Басты себеп – шикізатқа тәуелділік. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Мемлекеттік бағдарламалар ішкі жалпы өнімге (ІЖӨ), экономиканың дамуына мультипликативті деңгейде әсер ете алмады. Бұл сегментте ақ пен қараның арасындағы миллион түрлі түс бар екенін мойындамайтын KPI жүйесі қалыптасқанын, бұл мәселе бұған дейінгі жоспар-жобалардағы басты қателік екенін сарапшылар күні бүгінге дейін айтады. Бюджетке түсетін қаржы бизнестен салық түрінде жиналып, сосын дәл осы бизнесті қолдап, ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаларға жұмсалады екен. Бір сөзбен айтқанда, тұйық шеңбер.
Энергетика • 23 Тамыз, 2024
Аймақтың түрленуіне АЭС қалай әсер етеді?
Бірқатар мемлекет атом энергетикасын мақсатты түрде дамытуды мықтап қолға алған. Сол қатарда Түркия да бар. Мерсин провинциясында «Аккую Нуклеар» атом электр стансасы салынып жатқанын бұған дейін жазғанбыз. Құрылысқа ең жақын қала – Силифке. Ауқымды жоба басталғанға дейін негізінен ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлікпен айналысқан өлке тұрғындарының өміріне АЭС өзгеше әсер етті. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны түлеп сала берді.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2024
Цифрландыру үдерістері сараланды
Облыс орталығы Семей қаласында «Digital Abai: жаңа замандағы білім беру» атты тақырыпта педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Онда білім беру ұйымдарында атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, жаңа оқу жылына дайындық мәселелері пысықталды. Биылғы жиында өңірдің білім беру жүйесін цифрлық трансформациялауға басымдық берілді. Пленарлық сессия барысында цифрлық көрме ұйымдастырылып, онда студенттер мен оқушылардың стартап-жобалары, STEAM-білім беру саласындағы әзірлемелер, сондай-ақ оқыту үшін жайлы және қауіпсіз цифрлық ортаны құрудың жаңа жобалары ұсынылды.