Аймақтар • 30 Тамыз, 2019
Қазіргі кезде әлемде кітап оқу жөнінен бірінші орында – ағылшындар, екінші орында – немістер, үшінші орында – америкалықтар, төртінші орында жапондар тұр екен. Өкінішке қарай, ғаламшардың оқу «соққан» тұрғындарының қатарынан қазақтарды іздеуге әлі ерте. Деректер ел тұрғындарының 57 пайызы ғана тұрақты түрде кітап оқитынын айғақтайды.
Аймақтар • 30 Тамыз, 2019
Қоғам • 30 Тамыз, 2019
Жасөспірімдер арасында әлімжеттік азаймай тұр
Халықаралық беделді ұйымдардың бірі ЮНИСЕФ таратқан ақпаратқа сенсек, Шығыс және Орталық Еуропа, Орталық Азия елдерінде балаларға жасалатын тұрмыстық зорлық-зомбылық кеңінен таралып, жегіқұрттай тамырын тереңге жайып бара жатқан көрінеді. Оның ішінде Қазақстанда 1-14 аралығындағы балалардың 53 пайызы үйде озбырлықпен тәрбиелеу әдісінің құрбаны болған.
Қоғам • 30 Тамыз, 2019
Жекеменшік түрме азаптаудың алдын ала ма?
Әлемде түрме атаулының адамды түзеп шығарына ешқандай кепілдік жоқ. Азаптаулар жиі тіркелетін жерде адамның кейін қайта жұрт қатарына қосылуы да қиын. Сол үшін кезінде шалт басқандарды «бостандығынан айыратын жерге» қатысты көзқарасты өзгертетін кез келген жоқ па?
Қоғам • 30 Тамыз, 2019
Жоғары жылдамдық жол апатына себепші
Алматы қаласының Әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі және Шығыс айналма жолының бойында көліктерге рұқсат етілген жылдамдық шегі жайлы дау әлі басылар емес. Бірі қауіпсіздік үшін сағатына 60 шақырым жылдамдықты дұрыс көрсе, басқалары көлігінің 80 шақырым жылдамдықпен зулап өтуін қалайды. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?