Медицина • 23 Тамыз, 2019
Қазақстанда фармацевтика саласы өнімдерінің өндіріс көлемі өсуде
2010 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде фармацевтика саласындағы өнім өндірісінің көлемі 4 есе, 19,9 млрд теңгеден 78,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында фармацевтикалық саланың 168 кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 3 ірі, 11 орта, 154 ұсақ кәсіпорындар бар, оларда 16 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 23 Тамыз, 2019
Мемлекет басшысы Қарағандыға жұмыс сапарымен келді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысын «Сарыарқа» әужейында облыс әкімі Ерлан Қошанов қарсы алды.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2019
Алтай Көлгінов елордалық ұстаздарға тұрғын үй сертификаттарын табыстады
Астана әкімі Алтай Көлгінов тамыз конференциясында 15 ұстазға 1 млн теңгеден тұрғын үй сертификаттарын табыс етті. Сонымен қатар 3 мекемеге 10 млн теңгеден әкім гранты табысталды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2019
Ақтауда «ҚазТрансОйл» жастарының форумы өтті
«ҚазТрансОйл» АҚ жас мамандары Ақтау қаласында бас қосты. Үш күнге созылған форумда жас буын еліміздегі бірегей ұлттық мұнай тасымалдау компаниясының даму болашағын талқылады. Форум аясында өткен «Болашақ бүгіннен басталады» атты конференцияға «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов қатысты. Еліміздің түкпір түкпірінен келген жігерлі, жан жақты, білікті жүз жас маман ток-шоу форматында компания басшысына өздерінің сауалдарын қойып, жұмыс процессіне цифровизация мен роботизацияның әсері туралы жан-жақты мәселелерді талқылады.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2019
Маңғыстау мектептерінде «Домбыра-дастан» жобасы жүзеге аспақ
«Келешекке – кемел біліммен!» атты Маңғыстау облысы педагогикалық қызметкерлерінің тамыз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдің білім беру саласын жетілдірудің жолдарын талқылап, нақты тапсырмалар берді.