Үкімет • 29 Тамыз, 2023
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Жиында Қазақстанның 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы мен республикалық бюджеттің және Ұлттық қордан 2024-2026 жылдарға арналған трансферттердің параметрлері қаралды. Сондай-ақ еліміздегі геология саласын одан әрі дамыту шаралары да күн тәртібіне қойылды.
Басылым • 29 Тамыз, 2023
Қазақстандағы референдум нәтижесі
Бүгін елімізде Конституция күні аталып өтіледі. Осындай іргелі мереке қарсаңында Францияның Legavox.fr сайтында елдегі мерейтойға қатысты мақала жариялады. Мақалада былтыр елімізде өткен референдум, қабылданған саяси реформалар, демократияның даңғыл жолына түсу қадамдары кеңінен талқыланған. Төменде француз сайтына шыққан мақаланы аударып ұсынып отырмыз.
Тарих • 29 Тамыз, 2023
Шәмші мен сыған қызы: анығы һәм аңызы
«Қазақ вальсінің патшасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың қай әні де жүректі тербетер сырлы сазымен ғана емес, қызықты тарихымен де тыңдарманын елітіп әкетеді. Әр әнінде әсемдік әдіптеліп, сыршылдық әспеттелетін композитор туындыларының ішінде әсіресе «Сыған серенадасының» орны ерек. Сазы да, сыры да бөлек туынды жарыққа шыққанынан-ақ ән төңірегінде түрлі әңгімелер де қатар ерді.
Тұлға • 29 Тамыз, 2023
Композитор Мэлс Өзбековтің әндерін әуенінен жазбай танисың. Стиль дегеніміз де сол шығар. Жамбылдық композитор Дүйсенәлі Бықыбаев «Мэлс ағаның әндері қай кезде де адам жанының емшісі сияқты көрінеді. Мэлстің стилін кез келген музыкант бірден біледі», дейді. Расында, оның әндерін тыңдағанда өн бойыңды бір алау шарпып өткендей болады.
Үкімет • 29 Тамыз, 2023
Әлихан Смайылов Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен ҚХР-ның Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.