Спорт • 23 Тамыз, 2024
Күрес түрлерінен Йордания астанасы Амманда өтіп жатқан жастар арасындағы (U-17) әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні өрендеріміз қос күміс медальға қол жеткізді.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2024
Жетісуда медицина саласына бағытталған блокті-модульді нысандар көптеп салынып жатыр. Мәселен, биыл ондаған ауылда заманауи емханалар бой көтерген. Одан бөлек, кейінгі екі жылда 47 ветеринарлық пункт салынған. Жақында облыс орталығында тұрғызылатын онкологиялық орталықтың да жобасы сызылды. Қазір ауылдағы халықтың әлеуметтік деңгейін жақсарту мақсатында осындай қадамдар жасалып жатыр.
Егемен Қазақстан • 23 Тамыз, 2024
Қандастарды сандалтқан бұйрық Осы №468 бұйрықты 2010 жылғы 28 қыркүйекте сол кездегі Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов бекіткен. Осы құжатты көлденең тартып, қалалық білім басқармасынан бастап мектепке дейін шетелден келген қазақ баласын оқуға қабылдамай отыр. Сонда талап етіліп отырғаны – «Қандас куәлігі».
Отбасы • 23 Тамыз, 2024
Осыдан он жыл бұрын бастау алған Ұлттық «Мерейлі отбасы» байқауы бүгінде дәстүрге айналды. Аудан, қалалардан басталатын іріктеуге қатысушы отбасылардың жылда-жылға көбейе түскені байқаудың көпшілік арасындағы абырой, беделін айғақтайды, Ұлытау облысында биылғы байқауда 30-дан аса отбасы бақ сынады.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2024
Бұрын аудан орталығы болған Шелек ауылы халқының саны 35 мыңға жуықтаған. Былтыр қазан айынан бері 124 шақырым орталықтандырылған абоненттік су құбырларын қосқанда, барлығы 270 шақырымды құрайтын ауызсу жүйесін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.