Спорт • 24 Тамыз, 2018
Октябрь Жарылқапов небары 37 жасында жарық дүниемен қоштасты. Десек те айтулы азамат сол қысқа ғана ғұмырында талай игілікті іс тындырып, ел спорты тарихында өшпес із қалдырды. Атап айтсақ, отандық волейболшылар арасынан ол алғашқы болып КСРО спорт шебері және КСРО-ға еңбек сіңірген жаттықтырушы атанды. Жарылқапов іргетасын қалаған Алматының «Буревестник» клубы көптеген дүбірлі додада дара шығып, әлемдегі ең әйгілі командалар қатарынан көрінді. Ақиық Октябрьдің тұсында ел волейболы өркендеп, орасан зор биікке көтерілді. Жарылқапов Қазақ КСР Министрлер Кеңесi жанындағы Дене шынықтыру мен спорт жөнiндегi комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарған жылдары осы сала қарыштап дамып, жаңа көкжиектерге бет алды.
Әдебиет • 24 Тамыз, 2018
Әдебиет • 24 Тамыз, 2018
Құнанбайұлын қомсынатындар кездесетін қоғамда Ісләм Жарылғаповтың кім екенінен бейхабарлар болуы әбден мүмкін. Бірақ майталман аудармашының тілімізге енгізген сөздерін білмейтін адам кемде-кем. Айталық, орысша читатель, зритель, издание книги, остановка, дача, роддом, пляж деген сөздердің оқырман, көрермен, басылым, аялдама, саяжай, перзентхана, жағажай деген баламасын енгізген енгізген осы кісі.
Медицина • 24 Тамыз, 2018
Білім • 24 Тамыз, 2018
Жаңа оқу маусымы ең алдымен ата-аналарды әбігерге салады. Жыл сайын әр отбасында жалғасатын мектепке дайындық шаралары басталып кетті. Осыған орай дүкендер мен базарларда сатушылардың көпшілігі тауарларын мектеп формасымен толықтырған. Ата-аналар базардағы ең төменгі баға қолжетімді болғанымен, сапасы сын көтермейтінін айтады. Ал орташа сападағы керек-жараққа әркімнің қолы жете бермейді. Оның үстіне Қазақстан мектептерінде бірдей форма тіктіріп, бір жерден ғана киім ал дейтін «бұйрықтың» жойылғанына қарамастан, ата-ананың қалтасын қағатын жағдай биыл да жалғасып жатқан сыңайлы.