Спорт • 24 Тамыз, 2024
Паралимпиада алауы тұтанатын күн жақын
28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарында еліміздің 44 өкілі өнер көрсетеді. Олар спорттың тоғыз түрінен бақ сынайды. Жарыстың ашылу салтанатында мемлекеттік туымызды параволейболшы Берік Ізмағанбетов пен пара нысана көздеуші Севда Әлиева ұстап шығады.
Үкімет • 24 Тамыз, 2024
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтында «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жаңа академиялық басылымның редакциялық алқа жетекшілерімен және мүшелерімен кездесті.
Білім • 24 Тамыз, 2024
Жайлы жатақхана – студенттің арманы
Енді аз күнде қоңыр күз түсіп, оқу басталады. Бұл маусым – мектеп оқушыларына ғана емес, жоғары оқу орындарының ізденушілері үшін де қобалжитын кез, мазалы мезет. Бәрінен де баласын алысқа аттандыратын ата-ананың алаңы – баласының жатақханадан орын алуы.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2024
Әңгіме өзегі – мемлекеттік тілдің мәртебесі
Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Солтүстік Қазақстан облысының зиялыларымен кездесті. Кездесу барысында елімізде жүргізіліп жатқан реформалар және өңірлерді дамытуға, азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін арттыруға, отандастарымыздың әл-ауқатын жақсартуға арналған заңдар туралы сөз болды.
Еңбек • 24 Тамыз, 2024
Көмір қазушылардың еңбегі орасан
«Көмір бар жерде өмір бар» дегендей, тіршілікті қамтамасыз етуде маңызы зор шикізатты жеті қат жер астынан қопарып алып шығып, ел игілігіне ұсынатын шахтерлердің еңбегі орасан. Осы салада табан ақы, маңдай терімен нәпақасын тауып жүрген еңбекторы азаматтарға тамыздың соңғы жексенбісі – Шахтер күнінде ерекше құрмет көрсетіледі.