Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 24 Тамыз, 2024
Әлем назарында – «нағыз спорттық оқиға»
8-13 қыркүйек аралығында Астанада көшпелі халықтардың мәдениеті мен тұрмысын айшықтайтын V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтеді. ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасына кіретін, этностық спорт түрлерінен өткізілетін жарыста спорттың 21 түрі қамтылған. 89 елден 2 мыңнан аса қатысушы бақ сынасатын жампоздар жарысында білек күшінен бөлек, ой ұшқырлығын да даралайтын сайыс өтеді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 24 Тамыз, 2024
Көшпелілердің ой жарыс ойындары
Дүйім елдің назарын өзіне аударатын V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының басталуына да санаулы күн қалды. Елорда төрінде түңлігі түрілетін этноспорт додасын өткізуге әзірлік, қатысатын спортшылардың дайындығы қызу жүріп жатыр.
Үкімет • 24 Тамыз, 2024
Өңірдің даму көрсеткіштерімен танысты
Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы Олжас Бектенов Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй мен коммуналдық желілер салу, сондай-ақ алдағы оқу жылына білім беру нысандарын дайындау жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.
Спорт • 24 Тамыз, 2024
Эфиопияның астанасы Аддис-Абебеде «IBA чемпиондарының түні» деп аталатын дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Бұл жарыста 48 кг салмақтағы қазақтың әйгілі кәсіпқой боксшысы, әлем және Азияның екі дүркін чемпионы Теміртас Жүсіпов жұдырықтасты. Ол құрлық біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы, өзбекстандық Нодиржон Мирзаахмедовпен қолғап түйістірді. 8 раундтық сайыс қазақ боксшының жеңісімен аяқталды.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2024
Әр тұрғынның пікірі ескеріледі
Сенат депутаты Сергей Карплюк Рудный қаласына барып, шаһардың жылу маусымына дайындық барысымен танысты. Биыл мұнда жылу желілеріндегі жұмыс көлемі айтарлықтай артқан. Жаңартылған магистралдық желілердің ұзындығы 18 км-ді құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 км-ге артық.