Еңбек • 24 Тамыз, 2024
ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай» тау-кен байыту өндірістік бірлестігі Шахтер күні мерекесі мен кәсіпорынның 70 жылдығын атап өтті. Салтанатты іс-шарада ССКӨБ және Қашар кенішінің 300-ден аса қызметкері мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталды.
Жастар • 24 Тамыз, 2024
АЭС ғылым мен технологияны дамыту үшін қажет
Мәжіліс спикері, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «Жастар рухы» республикалық жастар саяси лагерінің жұмысына қатысты. Түркістан облысының Нысанбек ауылында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 420 делегат бас қосты.
Қоғам • 24 Тамыз, 2024
Халал ұғымы денсаулыққа зиянсыз өнімдер мен қызметтерді білдіреді. «Халал тағам» дегенде оның құрамында тек шошқа етінің болмауын ғана білдіру шарт емес. Осыған сәйкес, Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті қабылдаған стандарттарда біраз шаралар кешені қарастырылған.
Құқық • 24 Тамыз, 2024
Түркістан облысында бірінші жарты жылдықта есірткіге қатысты 423 дерек анықталған. Өңірлік Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының міндетін атқарушы Амангелді Бурхановтың мәлімдеуінше, ірі көлемде есірткі сақтау бойынша – 8, есірткі контрабандасына қатысты – 121, құрамында есірткі заты бар өсімдіктер тәркілеуге қатысты 49 дерек анықталған.
Мәселе • 24 Тамыз, 2024
Елдегі жолдың мүшкіл жағдайын жолаушы ғана жақсы біледі. Жолдың кем-кетігін мемлекеттік деңгейде түгендеудің де кезі келді. Жолдарды төсеу үдерісіне көптеген фактор әсер етеді. Соның бірі – жемқорлық.