Бизнес • 23 Тамыз, 2017
Игілікке игерілген инвестициялар
Өңірге инвестиция тартуды әкімдерге басты міндеттерінің бірі ретінде жүктеген Елбасы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында Қазақстан шетел инвестицияларын тарту ісіндегі көшбасшылығын сақтап қалуы қажеттігін атап көрсетті. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысында шетел елшілерімен, инвесторларымен байланыс пен кездесу екі есеге көбейіп, түрлі жобалар төңірегінде талқылаулар өткізілді. Қазақ-түрік, қазақ-өзбек халықаралық бизнес форумдары ұйымдастырылды. Нәтижесінде Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктерінен нақты инвесторлар табылып, облыстың экономикасына қаржы құйылуда.
Білім • 23 Тамыз, 2017
Жаңа оқу жылында сапаға назар аударылады
Биылғы педагогика қызметкерлерінің республикалық Тамыз кеңесі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» тақырыбында өтті. ЭКСПО қалашығында өткен білім беру саласы мамандарының басқосуы педагогтар үшін жаңа оқу жылының басталуына және жаңа педагогикалық идеяларға есеп беретін дәстүрлі кездесу екені белгілі.
Парламент • 23 Тамыз, 2017
Парламент депутаты Ақтоғай және Ертіс аудандарында болды
Парламент Сенатының депутаты Манап Көбенов Павлодар облысындағы Ақтоғай және Ертіс аудандарында жұмыс бабындағы сапармен болды.
Президент • 23 Тамыз, 2017
Елбасы туралы жаңа кітап таныстырылды
Кеше «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі туралы «Құрыш тұлға» атты жаңа тарихи-танымдық кітап көпшілікке таныстырылды.
Үкімет • 23 Тамыз, 2017
Қазақстан – бірлікті нығайтуда көшбасшы ел
Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельммен кездесті.