Білім • 23 Тамыз, 2017
Әліпби әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашады
Соңғы уақытта латын әліпбиіне көшу – ел ұстаған, сөз ұстағандардың қай-қайсысы да бей-жай қарамайтын маңызды тақырыпқа айналды. Олай болатыны – бүгінге дейін қолданылып келген кирилл жазуындағы 42 әріптің жартысына жуығы басы артық есептеледі. Бұл өз кезегінде тілді шұбарлап, қазақ тілінің орысша акцентпен сөйленуіне жеткізген. Әріптің көп болуы да дыбысталуға әсер етеді. Ал дыбысынан әріп саны асып түсетін әліпби тілге қауіп төндіреді. Латын әліпбиіне көшу осы және өзге де мәселелерді шешуге тиіс. Тек, асығыстыққа ұрынып, кем соғып қалудан сақтанбақ ләзім. Латынша жазуға көшу – ұранның астында қалып кетпей, келісе отырып кеңінен толғайтын тақырып.
Медицина • 23 Тамыз, 2017
Аймақтар • 23 Тамыз, 2017
Аймақтар • 23 Тамыз, 2017
Медицина • 23 Тамыз, 2017
Қалада да, қырда да құрылыс қызып тұр
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары облыстың Өскемен, Семей секілді үлкен шаһарларынан бөлек аудандарда да қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, дәл қазіргі уақытта бір ғана Зырян қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасымен 60 пәтерлі тұрғын үй салынып жатса, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында шағын шаһарға ұзындығы 6 шақырымнан асатын жылу желілері тартылып, төрт бірдей көшенің жолдарына асфальт төселіпті.