Білім • 23 Тамыз, 2017
Сойымыз бір, сөзіміз бір, өзіміз бір
Түркі дүниесінің жас қаламгерлері әдебиеттің сөзін талқылау үшін гөзел шаһар – Ыстанбұлда бас қосты. Бұрынғыша айтқанда саратан айының 14-і мен 18-і аралығында Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен Еуразия Жазушылар одағы қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен мағыналы бас қосудың жағымды әсері мен рухани тәжірбиемізге тигізген едәуір пайдасын сезініп қайттық.
Тағы да Абайдың туған күні жайында
Өзін қазақтың перзенті санайтын пенденің Абайды мақтан тұтуы заңды құбылыс. «Қазақтың бас ақыны – Абай. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», деп жиырмасыншы ғасыр табалдырығын аттай бере қадап айтқан алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың ғибратты пікірі баршамыздың жүрегімізде жаттаулы.
Қазақстан • 23 Тамыз, 2017
Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында алма-кезек ұйымдастырылып отырған өңірлер мәдени күндерінің кезегі павлодарлықтарға да келіп жетті. Өткен 18 тамыз күні Орталық коммуникация-лар қызметінің баспасөз залында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев аталмыш шараға байланыс-ты журналистердің басын қосып, атқарылуы тиіс мәдени-бұқаралық іс-шараның жоспарымен таныстырды.
Қазақтың бастау бұлақтай тұнық тіліне кім тамсанбаған дейсіз. Әуезділігін әнге теңеген. «Француз тілі Еуропаға қалай әсер етсе, қазақ тілі түркі мәдениетіне дәл солай әсер еткен», депті В.Радлов.
Білім • 23 Тамыз, 2017
Жақында әлеуметтік желіде жарияланған бейнекөрініс қоғамды дүр сілкіндірді. Онда мұғалімнің төрт оқушыны сыныптастарының алдына қатар тізіп қойып шапалақтың астына алып жатқаны түсірілген. Тіпті бір оқушыны шашынан ұстап тұрып, басын тақтаға әлденеше рет ұрады. Бұл оқиғаны оқушылардың бірі ұялы телефонға түсіріп алыпты. Ғаламтор пайдаланушылардың наразылығын тудырған келеңсіз жағдай Алматы облысы, Түрксіб ауданындағы №198 мектепте болған екен. Көп ұзамай Қылмыстық кодекстің 2-бөлімі 140-бабымен жазаға тартылған мұғалима 22 жастағы жас маман болып шықты.