Үкімет • 26 Тамыз, 2025
Биыл жылу желілерін жаңартуға 130 млрдқа жуық теңге бөлінді
Қазақстанда 2025 жылы 323 шақырым жылу желісін күрделі жөндеу және қайта құруға 129,4 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2025
Алматыда халықаралық деңгейдегі жаңа футбол стадионы салынады
Алматыда 35 мың көрерменге арналған жаңа заманауи футбол стадионы салынады. Арена УЕФА-ның төртінші санат талаптарына толық сәйкес болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 26 Тамыз, 2025
Қысқа қажетті көмір қоры жеткілікті - министр
Энергетика министрлігінің мәліметінше, алдағы жылыту маусымына қажетті көмір қоры жеткілікті. Министр Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында көмір өндіруші кәсіпорындар мен «Қазақстан темір жолы» өңірлерге жоспардағы көлемді тасымалдауға толық дайын екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 26 Тамыз, 2025
Нариман Мағауин: Жасанды интеллект бюджет шығынын бақылауға көмектесе алады
Қаржы министрлігі Электрондық қаржы орталығының Цифрландыру, талдау жүйелері және жасанды интеллектіні дамыту департаментінің директоры Нариман Мағауиннің пікірінше, жасанды зердені адамды алмастыратын құрал ретінде емес, керісінше кез келген қызметкердің жұмысын жеңілдетіп, талдау жасауға септесетін тетік түрінде қарастырған жөн. Маманның айтуынша, жасанды интеллекті мемлекеттік қаржы жүйесін басқару тұрғысынан көп көмегін тигізе алады.