Қазақстан • 24 Тамыз, 2017
Қазақ-поляк ынтымақтастығының деңгейі жоғары
Қазақстан мен Польшаның сауда-саттық қатынасы Орталық Азиядағы өзге мемелекеттермен салыстырғанда 80 пайызға жоғары. Екі ел арасында бүгінде 24 халықаралық келісімге қол қойылып, 15 ірі жобаның келісімшарты қаралу үстінде. Бұл келісімдердің жемісті жүзеге асырылуына Қазақстан Президентінің өткен жылғы Польша еліне сапарының ықпалы зор. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2017
Сот қызметіне Өзбекстан қызығушылық танытты
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Козимджан Камиловпен кездесіп, өзара ынтымақтастықты нығайтудың жай-күйін талқылады. Бұл шара өзбекстандық судьялар делегациясының Шымкент қаласына жасаған ресми сапары аясында жүзеге асты.
Технология • 24 Тамыз, 2017
Астанада Турецкий хорының гала-концерті өтті
«Қазақстан» Орталық концерт залында Астанадағы Мәскеу күндерінің ашылу салтанаты өтті. Осыған орай Ресейдің халық әртісі, музыкант Михаил Турецкийдің жетекшілігімен құрылған әйгілі хордың гала-концерті өтті.
Технология • 24 Тамыз, 2017
Жеңіл өнеркәсіп: ізденістер мен іркілістер
Халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде жеңіл өнеркәсіптің игі ықпалы өлшеусіз. Жергілікті тұрғындардың, әсіресе, әйелдердің арасындағы жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір тиімді жолы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту болып табылады. Бұл саланың өнімдеріне деген сұраныс та жоғары – азық-түлік тауарларынан кейінгі екінші орынды иеленеді. Сондықтан, қарапайым жұрттың қамын ойлаған ел экономикалық даму стратегиясында бірінші кезекте жеңіл өнеркәсібі саласын дамытуға айрықша басымдық беруге тиіс.
Футбол • 23 Тамыз, 2017
«Астана» ойыншысы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің үздік сұрмергені атанды
«Астана» командасының шабуылшысы Патрик Твумаси Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің жауапты кездесуінде «Селтик» қақпасына екі гол соққан болатын. Осы қос голының арқасында ол іріктеу кезеңінің үздік сұрмергені атанды.